"
Алматыда «Арыстан» базары сүріліп жатыр.«Ақсай-4» шағынауданындағы жалпы көлемі 2000 шаршы метрден асатын базар соттың шешімімен сүріледі, деп хабарлайды Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы.Бұрындары жоспардан тыс жүргізілген тексеру барысында «Арыстан» базарының бір бөлігі еш рұқсат құжаттарынсыз тұрғызылғаны анықталды. Яғни, 20-ға жуық саудагер жер телімін заңсыз иемденіп, сауда нысанының бастапқы жобасын бұзып, өз бетінше кеңейтіп алған.
Тексеріс барысында тазалық талаптары мен қауіпсіздік нормалары сақталмағаны да анықталды.2024 жылғы 1 наурызда сот базардың ауданы 2125,62 шаршы метр болатын бір бөлігін бұзу туралы шешім шығарды, 2024 жылғы 19 шілдеде Алматы қалалық соты бірінші шешімді өзгеріссіз қалдырды.Қазіргі уақытта, Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен сүру жұмыстары басталды.