Алматы қаласында атом электр станциясын салу мәселесі бойынша жария талқылау өтті. Кездесуде сарапшылар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен Алматы қаласының тұрғындары АЭС-тің ел экономикасымен қоршаған ортаға әсері қандай болатындығын талқылады.
Талқылау еліміздің әр өңірінде өткізіліп келеді. Атом электр станциясын салу жөнінде халық арасында қорқыныш бары жасырын емес. Бірі, бұл жоба энергия көзі десе енді бірінің қауіпсіздік сақталмай жарылып кетеді ме деген қоғамда екі ұдай пікір бар. Дегенмен білікті мамандар атом электр станциясының қауіпсіздігін атап өтті.
БАНУ НҰРҒАЗИЕВА ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЗАМАТТЫҚ АЛЬЯНСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ «Бір емес екі жыл бұрын, біз осы мәселені көтеріп өзіміз талқыладық. Неге десеңіздер жанымыздағы дамыған мемлекеттер өзінің экономикасын көтеріп жатқан кезде біз неге артта жүрміз деген әңгіме көтердік.»
Мамандар көмірмен жұмыс істейтін стациялардың тозуы 70%- ға жеткендігін. Болашақта кейбірінің жұмысы тоқтайтындығын алға тартты.
ГҮЛМИРА МҰРСАЛОВА ҚР ЭМ АТОМ ЭНЕРГЕТИКАСЫ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ «Қазіргі уақытта көмірмен жұмыс істейтін станциялар 70%-ды құрайды. Олардың тозу деңгейі өте жоғары. Кейбір станцияның тозуы 50-70%- ға жеткен. Қазақстанда энергия тұтыну көлемі жылдан-жылға өсіп жатыр. Сол себептен Үкімет келесі онжылдықта 26 гВТ қуаттылығы бар стацияларды іске қосуды жоспарлап отыр. Себебі тозған станциялардың кейбіреулерінің қызметін тоқтату керек. Осы 26 гВТ ішінде жел электр станциялары, күн электр стациялары бар. Болашақта 10 мың МГБ жобалары іске қосылу жоспарланып жатыр. Бізде сондай-ақ газбен жұмыс істейтін станциялар салынатын болады»
Талқылау барысында Ядролық физика институтында атом электр станциясымен жұмыс істейтін 1800 маман дайындалып жатқандығы айтылды. Басқосуда тұрғындар өздерін қызықтыратын технологиялардың қауіпсіздігі жөніндегі сұрақтарын қойды.
МЕДЕУ ӘБІШОВ ҚАЗҰУ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЯДРОЛЫҚ ФИЗИКА КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ «Негізгі тұжырымдама радиофобияға байланысты. Қоғамда адамдардың арасында “жарылып кетуі мүмкін, Балқаш құриды” дегендей қорқынышы бар. Осындай мәселенің барлығын ғалымдар мен тиісті мемлекеттік мекемелердің басшылары ескеріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұның барлығы референдумға байланысты, ең бастысы халықтың шешімі болып отыр. Халық өзіне қажетті екенін түсініп, сосын дауыс береді»
Мемлекет басшысы қоғамда қызу талқыланып жатқан атом электр станциясын салу мәселесін "референдум арқылы шешкен дұрыс екендігін мәлімдеген болатын. Еліміздің әр өңіріндегі талқылау жиынынан кейін бұл мәселе дауыс беру арқылы шешілмек.