Алматыда Ұлттық Қазақстандық Халықаралық «Демікпе Жəне Аллергия» тақырыбына арналған басқосу ұйымдастырылды.Шараға Еуропа елдерінің білікті мамандары қатысып, айтулы індетпен күресудің тиімді жолдарын талқылады.Келесі тақырыпқа назар аударсақ.

Екі күнге созылатын конференцияға Италия, Австрия, Түркия, Литва, Латвия, Қырғызстан, Ресей және Қазақстан елдерінің  жетекші аллерголог мамандары қатысты.Әлемдік дәрігерлердің алаңдайтын жағдайы бар,өйткені демікпе және аллергиялық індеттің жасарып бара жатқаны байқалады.ХХІ ғасыр Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша аллергиялық аурулар ғасыры болып саналады. Халықаралық статистика жыл сайын аллергиялық аурулардың орта есеппен 15-20%-ға өсетінін көрсетеді.

СВЕТЛАНА СҰЛТАНҒАЗИЕВА С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰМУ ПРОРЕКТОРЫ

Мамандар айтулы ауруға шалдығу экология мен дұрыс тамақтанбаудан бөлек, антибиотиктерді бақылаусыз қолдану, стресстік жүктемелердің жоғарылауы және салауатты өмір салтына бейжәй қараумен байланыстырып отыр.Ең қызығы аллергия мен демікпе дертіне,жаңа туылған балалардың шалдығуы жиілеп кеткен.

ЖАНАТ ИСПАЕВА «АЛЛЕРГОЛОГТАР МЕН КЛИНИКАЛЫҚ ИММУНОЛОГТАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ» БАСҚАРМА ТӨРАЙЫМЫ, М.Ғ.Д, ПРОФЕССОР: «Елімізде бiрнеше жылдар бойы респираторлық аурулар, оның iшiнде ең қауiптi аллергиялық аурулардың бiрi болып табылатын бронх демікпесі бірінші орында тұр. Қазақстан Республикасында 100 000 тұрғынға шаққанда бронх демікпесімен ауыратындардың жалпы саны 2021 жылы 162,6-ға, 2011 жылы 43,9 адамды құрады, бұл 4 есеге жуық өскенін көрсетеді. Оның ішінде ең көп үлес 0 жастан 14 жасқа дейінгі балаларға тиесілі және сәйкесінше 64,8 және 107,2 пайызды құрады.Осыған орай біздер әлемге аты танымал мамандармен тізе қосып, еңбек етіп жатырмыз.Мақсатымыз сапалы ем көрсету жолдарын дамыту».

STEFANO DEL GIACCO  ЕУРОПАЛЫҚ АЛЛЕРГОЛОГТАР МЕН КЛИНИКАЛЫҚ ИММУНОЛОГТАР АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ,MD, PhD,ПРОФЕССОР: «Мұндай кездесулер білімдерді байытуға, тәжірибе алмасуға ықпал ету арқылы аллергиялық және иммунологиялық көмек көрсетуді жақсартуға мүмкіндік береді.Сонымен қатар індеттің дамуына тежеу болады. Біз Қазақстандық мамандармен жақсы қарым-қатынастамыз, бірлесіп еңбек етіп келеміз».