Оңтүстік астанамыз Алматыда жастардың көптен күткен пікірсайыс турнирі бастау алды.Екі күнге солзылған игі шара «Қазақ хандығы» тақырыбына арналды. Республикалық байқау, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, жас ұрпақтың зияткерлік әлеуетін арттыруға және шешендік өнерін дамытуға негізделіп отыр.
Ұлт мұрасын ардақтап,құндылықтарымызға құрметпен қарайтын жастардың қатары артып келеді.Сөзіміздің дәлелі,пікірсайыс алаңы.Турнирдің өтуіне түрткі болған Алматы Пікірсайыс федерациясының мектеп лигасы, Оқушылар сарайының жобалық кеңсесі, сондай-ақ Зердеш және Ғибрат білім ошақтары.
РАУАН КЕНЖЕХАНҰЛЫ «ҚАЗАҚ ТІЛІ» ҚОҒАМЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
Айтулы шараға арнайы шақырылған меймандар мұндай пікірсайыс алаңдары жастардың жігерін жанып қана қоймайды, сыни ойлау дағдыларын қалыптастырып, тарихи және әлеуметтік мәселелерді терең талдауға баулыйды деп отыр.
ҚАНАТ ӘУЕСБАЙ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖУРНАЛИСТИКА ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ
Шараға қатысушы жастар жалындап тұр.Олар Қазақ хандығының құрылуы, оның дамуы мен бүгінгі Қазақстан қоғамына әсері туралы ой қозғап, тарихи фактілер мен логикалық тұжырымдарға сүйеніп нақты дәлелдерін ортаға салды.Жоба авторы Жұлдыз Болатпен ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар жастар арасында пікірсайыс қозғалысын дамытуға, олардың көшбасшылық қабілеттерін шыңдауға және тарихи сананы нығайтуға септігін тигізбек.
МАРЬЯША СЕРІКҚЫЗЫ «ЗЕРДЕШ» БІЛІМ ОШАҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ
Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.