Алматыда қоғамдық көлікте жол жүру ақысын 20 теңгеге көтеріп, қолма-қол жол жүру ақысын алып тастау мүмкіндігі қарастырылуда. Тарифтің көтерілуінің себебі не? Қарашаның қалтасына қаншалықты салмақ,осы мәселелер төңірегінде дайындалған сюжетке кезек берсек.

Алып шаһардағы жыл сайын көтеріліп жатқан жол ақысының себебін тасымалдаушылардың шығындарын жаба алмай жатқандығымен түсіндірді жауаптылар.

АЗАМАТ ЕШАНҚҰЛ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ МОБИЛДІЛІК БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Сондай ақ жол жүру ақысын қолма қол төлеммен жүргізу жолаушылардың қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін. Көтерілген тариф бұл мәселені шешуге де септігін тигізбек екен. 

АЗАМАТ ЕШАНҚҰЛ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ МОБИЛДІЛІК БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Жол ақысының көтерілуі жайлы қоғамдық көлікпен күнделікті өмірі тығыз байланысты адамдардың пікірін білуге тырыстық. Қала әкімдігінің қаулы жобасы қоғаммен талқылану үшін «Ашық Нормативтік Құқықтық Актілер» сайтында жарияланды.