Алматыда мұз әлі қатқан жоқ. Сондықтан, құтқарушылар халықтан барынша сақ болуларын сұрайды. Норматив бойынша қалыңдық -25 сантиметрді құрауы тиіс. Ал, оңтүстік шаһардағы мұздың қалыңдығы небәрі 10 сантиметр.
ӘНУАР ЮСУПОВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
«Қазіргі уақытта Алматы қаласында ауа температурасы 2-4 градус жылы. Әдетте, мұндай температурада мұз жұқарып, қатты болмайды. "Қазгидромет" РМК болжамдарына сәйкес алдағы аптада ауа температурасы 6-дан 12 градусқа дейін жетеді. Бүгінгі таңда мұздың қалыңдығы 10 см - ге дейін жетеді, бұл мұздың үстінен өту үшін қауіпті»
Осылай деген мамандар қайғылы жәйттарға тап болатындар қатары әсіресе осы кезде көп болады дейді. Себебі, оңтүстік шаһарда бұл уақытта мұз әлі қатпайды екен.
ВАДИМ ПАК РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖЕДЕЛ-ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫНЫҢ БАС ҚҰТҚАРУШЫСЫ:
"Біздің қызметкерлеріміз жұқа мұздың астына түскен адамдарды құтқаруда үлкен тәжірибеге ие. Осындай жағдайлардың бірі бұған дейін Әуежай көлінде болған. Адамдар жолды қысқартпақ болып, көлден өтуге тырысып, жұқа мұз үстімен жүрген. Ол жарыла бастаған, абырой болғанда, біздің қызметкерлер жақын жерде болып, қайғылы жағдайдың алдын алды. Көптеген адамдар жасалған ескертуді елемейді, мұз үстімен жүігіріп өте шыққысы келеді"
Құтқарушылар Алматы өзені аумағында және Тұйықсу шатқалында тәулік бойы кезекшілік етеді. Оның үстіне тыйым салынған 38 ескертпе белгі де бар. Сонда да халық оған назар аудармайды дейді төтеншеліктер.
ДОСЫМ НАДЫРБЕКОВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰТҚАРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚҰТҚАРУШЫСЫ:
"Мұз айдындарымен өте алмаған жағдайда, суға бату қаупі бар болса, 109 нөміріне қоңырау шалу арқылы құтқарушыларды шақыра алады. ҮАӨ мен Тұйықсу шатқалының аумағында орналасқан екі бақылау-құтқару бекеті таулы жерлерде көтерілу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Мұнда құтқарушылар күн сайын 24/7 кезекшілік етеді. Қазір таулы аудандарда, ауа - райының өзгеруін ескере отырып, көшкін қаупі бар жерлерде адасып кету, өз бетінше түсу немесе қайтып оралу қаупі өте жоғары"
Айта кетейік, төтенше жағдайлар департаментінің мамандары күзгі-қысқы кезеңде барлығы 300-ден астам рейд жүргізген. Түрлі профилактикалық іс-шара жыл бойы жүргізіліп отырады. Мақсат - халықты сақтандыру және ақпараттандыру. Сақтансаң сақтаймын дейді қазақта, абай болыңыздар!
Жыр болған lrt 2025 жылға қарай аяқталады