"

Алматы «Ұлттық құндылықтар және жасанды интеллект: синергетикалық көзқарас» атты Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция ұйымдастырылды. Мақсат, Білім – Тәрбие – Жасанды интеллект үйлесімділігінің педагогикалық теориясы мен практикасын жандандыру.

Конференция жұмысы басталмас бұрын қонақтардың назарына жасөрендердің қолымен жасалған бұйымдар ұсынылып, дәстүрімізді дәріптеуге бағытталған бағдарламалар таныстырылды. Артынша конгреске қатысушылар  құндылықтарға негізделген, құзыреттіліктерге бағытталған жаңа білім беру стандартының өзектілігі әңгіме өзегіне айналдырды. Сарапшылар мен педагог-ғалымдар бұл бағытта білім беру жүйесіне тың серпін беретін бастамалармен бөлісті.

ДҮЙСЕБЕК ӘДІЛХАН “ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР АКАДЕМИЯСЫ” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Синергетикалық көзқарас: тәуекелдер мен мүмкіндіктер атты бөлімде жасанды интеллектті білім мен тәрбие саласында қолданудың артықшылықтары мен келешегі, сонымен қатар оның әлеуметтік-психологиялық қауіптері талданды. Мамандар AIPed платформасының этнопедагогикалық контенттерін мысалға келтіріп, оның ұлттық мәдени код пен қазіргі заманғы технологияның үйлесімділігін қамтамасыз ететін тиімді құрал екенін атап өтті.

САЛТАНАТ ҚҰСАЙЫНОВА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ НАУРЫЗБАЙ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Теориялық пайымдаулардан педагогикалық практикаға көшу жолдары да жанжақты қарастырылды. Қатысушылар білім беру мазмұны мен әдістемесіне жасанды интеллект элементтерін енгізуде ұлттық болмыс пен тәрбиелік бағдарды сақтаудың маңыздылығын тілге тиек етті. Ұлттық рухани дүниетаным мен жасанды интеллект синергиясы – болашақ білімнің жаңа парадигмасы ретінде ұсынылды.