Алматыда тәуелсіздік күніне арналған волейболдан жарыс өткізілді. Достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында ұйымдастырылған сайысқа 4 комманда қатысты. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған ойыншылар өз шеберлігін көрсетіп, көрермендердің көз айымына айналды. 

Спорттық бәсекеде төрт комманда, барлығы 30-ға жуық спортшы бақ сынады. Әуесқой ойыншылар спорттық іс шараның ұйымдастырылуы үлкен маңызға ие екендігін атап өтті. Осылайша, жастардың спортқа сүйспеншілігі арттып, салауатты өмір салтын ұстанатындардың қатары артпақ. 

ЕРБОЛ ОСПАНОВ КӘСІПКЕР «Тәуелсіздік күніне арналған бүгінгі жарыс басталайын деп жатыр. «Krida» спорт клубы ұйымдастырып жатыр көп рахмет. Біздің мақсатымыз халықтың денсаулығы мықты болсын, дене шынықтыруға жастар көбірек қатынасын деген ой. Өз басым 30 жыл волейболмен айналысамын, ойнаймын хобби деп айтуға болады. Волейболдың пайдасы өте мол. Неге десеңіз, аптасына 2-3 рет ойнаймыз. Адам жақсылығымен көрсетеді, үлкен табыстарға жетеді, жолдсатарын табады.»  

Мамандардың айтуынша, волейбол  адам баласына аса пайдалы табиғи қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан жүгіру, жүру, секіру, лақтыру т.б. жаттығулардан тұрады. Бұл ойынды он жасар баладан бастап қай жаста болмасын ойнай береді. Сондықтан да, волейбол дене тәрбиесі пәні жаттығуларының бірі ретінде ең тиімді де ағзаға пайдалысы болып табылады. Ойын барысында нақты қозғалыс нәтижесінде ең бастысы адамның кординациясы қалыптасады деседі. 

ОЛЬГА ИСАЧЕНКО «KRIDA» СПОРТ КЛУБЫНЫҢ ВОЛЕЙБОЛ ЖАТЫҚТЫРУШЫСЫ «Біз жыл сайын тәуелсіздік күніне орай волейболдан жарыс ұйымдастырамыз. Бүгінгі жарысқа 4 бірдей комманда бақ сынасып жатыр. Біздің мақсатымыз волейбол ойынын таныту, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Біздің спорт клубында волейбол ойынына қатысушылардың қатары артып, қызғушылық танытардың қатар артқан»

«Krida» спорт клубының бастамасын өткізілген сайысқа «Nomad», «All Star», «Block Busters», «DoStar» коммандалары қатысқан. 

АҚЕРКЕ МҰСАБЕК КӘСІПКЕР «Волейболмен айналысып жатқаныма көп болды. 6 сыныптан бері волейбол ойнаймын. Өте сүйікті спорттың түрі. «Krida» -ға қалуының үлкен бір себебі осы. Волейбол жалпы жоғарыға қарап ойнайтын ойын ең біріншісі. Ол коммандалық ойын, алты адам бір комманда да ойнайды бірін-бірі түсіну, комманда ойнау, жұмыс жасау соған пайдасы зор.»

Тартысты өткен турнирдегі жеңімпаз командалар арнайы алғыс хаттармен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды. Ұйымдастырушылар дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан шараның жалғасы табатытын атап өтті.