"

Алматыда электр бағанасына шыққан монтер тірідей жанып кетті. Оқыс оқиға кеше кешкі сағат алты шамасында «Атмосфера» тұрғын үй кешенінде болды. «Алатау жарық» компаниясының мәліметінше,ер адам тұрғын үй кешенінің электршісімен бірге, Талғар аудандық электр тарату торабы мекемесінің рұқсатынсыз жұмыс жүргізген. Қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан, тоқ соғып, қаза тапты. Аталған оқиғаға қатысты Түрксіб аудандық полиция басқармасы тергеу жұмыстарын бастады.

САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: «Түрксіб аудандық полиция басқармасында ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.Тиісті сараптамалар тағайындалды. Жағдай анықталып жатыр».