Алматыда қарды тазалау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Ақ ұлпаны тазарту жұмыстары жүріп жатқанымен,шаһар көшелерінің басым бөлігі қардан көрінер емес. Мамандардың дерегі бойынша таулы жерлерде 13-15 см қар түскен.
Түнгі кезеңде жол полициясының патрульдік машиналарының бірге еріп жүруімен қарды тырмалау бойынша сыпыру-жинау машиналарының 17 колоннасы ұйымдастырылды. Магистральдық көшелерден 635 м3 қар сыртқа шығарылды. Жалпы қардан тазарту жұмыстарына 50 жедел патрульдік бригада, 325 бірлік арнайы техника, оның ішінде 167 құм таратқыш, 1154 жол жұмысшысы жұмылдырылды. Қар тазалау жұмыстарының өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.
ЕРКІН ӨТЕГЕНОВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Нақты санға сүйенетін болсақ, 11 желтоқсанда кешкі сағат 8-ден, 12 желтоқсан таңғы 6-ның арасында 33 жол оқиғасы тіркелді. Оның ішінде 4 жол оқиға адамдар зардап шекті. Қайтыс болғандар мен көз жұмғандар жоқ. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда өте төмен».
ҚР заңына сәйкес, барлық жүргізушілер 1 желтоқсаннан бастап жүргізушілер жазғы дөңгелектерін қысқы мерзімді дөңгелектерге ауыстыруы керек. Ауыстырмаған жағдайда, айыппұл салынып, әкімшілік шаралар қолданылуда. Сонымен қатар, Алматы-Ташкент трассының тек бір бөлігі қардан тазартылған. Осыған байланысты, жүргізушілердің пікірлерін біліп қайттық.
ЖҮРГІЗУШІ: «Жолда жүрміз ғой барлығымыз. Жол өте нашар тазаланған. Қанша адам жүріп жатыр. Өте қауіпті жол. Бір ғана полосамен жүріп жатыр. Жанымыздан өтетін машиналар тақалып өтіп жатыр. Үлкен машиналар жүрсе мүлде өте алмаймыз. Жолдың тазалығы нашар».
ЖҮРГІЗУШІ: «Мынандай ауа райында ара-қашықтық деген бар. Ұстауға тырысамыз ғой. Біреуді соғып кетсек, прав болсақ та, біздікі дұрыс болса да шығын шығады да ол қалай болсада».
«Қазгидромет» болжамы бойынша қар 15 сағатқа дейін біртіндеп жауады деп күтілуде. Күндіз ауа температурасы минус 10 - 12, кешке -16 градусқа дейін төмендейді. Түнде минус 23- 25 градус аяз. 13 желтоқсаннан 14 желтоқсанға қараған түні минус 25- 27 аяз болады деп күтілуде. Сондықтан мамандар, коммуналдық қызметтердің көктайғаққа қарсы жұмыстарды жедел және сапалы жүргізуін қамтамасыз ету мақсатында тағы да автокөлік жүргізушілердің жолды қардан тазартуға түсіністікпен қарауды, мүмкіндігінше қала бойынша қозғалысты шектеуді және жеке автокөлікті жол жиектеріне қоймауды сұрайды.