Алматыда қызылша ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдайға арналған баспасөз конференциясы өтті. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Иран Шаметеков қалада вакциналардың саны жеткілікті екендігін алға тартты. Брифинг барысында айтылған ақпаратқа сәйкес, СК-Фармация арқылы қызылшаға қарсы екпенінің қажетті 128 мыңнан астам дозасы сатып алынды.
ИРАН ШАМЕТЕКОВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «2023 жылғы 24 қарашада Денсаулық сақтау министрлігінен тарату бойынша СК-Фармация арқылы 67 350 доза мөлшерінде вакцинаның бірінші партиясы келді, 30 950 доза мөлшерінде вакцинаның екінші партиясы 30 қарашада келді. Осылайша, қалада қосымша жаппай иммундау және жоспарлы вакцинациялау үшін ККП вакцинасының 103 940 дозасы бар».
Ата-аналары вакцинациядан бас тартқандықтан, ауруға шалдыққандар арасында екпе алмаған балалар көп. Қызылшаға қарсы екпесі жоқ 2054 бала тіркелді, оның ішінде вакцинациядан бас тарту себебінен – 1466, медициналық қарсы көрсетілімдер – 289, 292 жағдайда жұқтырғандар егу жасына жетпеген және өзге себептермен егілмегендер – алтау. Қызылша жұқтыру жағдайларын тіркеу кезінде кабинеттік оқыту жүйесі жойылады, балалардың бір топтан/сыныптан басқа топқа/сыныпқа ауыстыруға жол берілмейді, сондай-ақ қызылшаға қарсы егілмеген балаларды ажырату жүргізіледі, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуге жол берілмейді.
ҚАСЫМХАН АЛПЫСБАЙҰЛЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ БАС САНИТАР ДӘРІГЕРІ «Ошақтарда науқаспен байланыс жасаған 19 092 адам анықталды, олардың барлығына инкубациялық кезең ішінде (12 күн) медициналық бақылау орнатылды. Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 30 жасқа дейінгі 488 адам қызылшаға қарсы егілді»
Қазақстанда вакцинация жүргізу үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сертификаттаған және Қазақстан Республикасында тіркелген Үндістан өндірген қызылшаға, қызамыққа, эпидемиялық паротитке қарсы аралас вакцина қолданылады. Serum Institute of India Ltd вакцинасы әлемнің 110-нан астам елінде, соның ішінде Еуропа елдерінде қолданылады. Айта кетейік, қызылшамен сырқаттанушылықтың одан әрі таралуын болдырмау үшін қазіргі уақытта толық штаттық режимде 78 вакцинация пункті, 92 егу бригадасы 276 адам жұмыс істейді. Қаладағы барлық егу кабинеттері күшейтілген жұмыс режиміне, демалыс және мереке күндері - сағат 08:00-ден 16:00-ге дейін жұмыс режиміне ауыстырылды.