Алматыда «Өнеркәсіптік құрылыс» халықаралық форумы өтті. Еліміздің құрылыс индустриясындағы маңызы жоғары іс-шара осымен екінші мәрте өткізіліп отыр. 

Шарада  Германия, Польша, Венгрия, Италия, БАӘ және басқа да елдердің ірі құрылыс компанияларының өкілдері, жетекші мамандары мен сарапшылары бас қосты. Қатысушылар  өнеркәсіптік  ғимараттарда, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарда  қолданылатын темірбетон құрылыс жүйелерін пайдалану туралы баяндамалармен танысты.

ЕРАЛЫ ШОҚПАРОВ ҚАЗАҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАУ ИНСТИТУТЫНЫҢ  ӨНДІРІС ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ

Өткен жылы Шымкент қаласында өндірістік құрылыс саласымен бой көтерген 9 қабатты ғимарат вибросынақтан өткен болатын. Биылғы жылға осындай тағы екі сынақтан өту жоспарланып отыр. 

ЕРАЛЫ ШОҚПАРОВ ҚАЗАҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАУ ИНСТИТУТЫНЫҢ  ӨНДІРІС ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ
 
Аталмыш жобаға қатысты ғимараттың қабырғаларынан бастап төбе жабынына дейін сапасы жоғары болуы қатаң бақылауда болады. Сейсмикалық аумақтардың қауіптілігіне қарай бетонның тығыздығы,арматураның диаметрі есепке алынады.
Шараның берер тұсы сұранысқа ие болып тұрған индустриялық құрылыс жобаларын сынақтан өткізіп сейсмикалық аймақтарда қолдануға қорытынды берілмек.