Апат айтып келмейді деген аталы сөз аңғал жатқан Алматы халқын аяғынан тік тұрғызды. Түн ортасында орын алған жер сілкінісі жайлы дайындалған материалға кезек берсек.

Жылы төсегін тастай сала бас сауғалап далаға қашқан тұрғындардың үрейлі жүздеріне қарап ақ дүмпу деңгейін айтқызбай аңғаруға болады. Құндақтаулы сәбиін құшағына қысып жер үйде тұратын туыстарын сағалап кеткен тұрғындардың да қарасы қалың. Оңтүстік Астанамыздың халқын дүрліктірген жағдайға байланысты өткен бүгінгі брифингте мамандар қаламыз сейсмикалық аумақта тұрғандықтан тұрғындар жер сілкінісінің алдын алу шараларынан хабардар болу керек деді.

ЖАНСАЯ ДОСЫМБЕКОВА АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ СЕЙСМОЛОГИЯЛЫҚ ОБСЕРВАТОРИЯНЫҢ БАСТЫҒЫ

Дей тұрғанменде қауіпсіздік шараларын ескеруге ес таппай үрейге бой алдырып жарақат алған адамдар да бар.Бас жарақаты, соғылу, аяқ-қолдың созылуы сынды жеңіл және орташа ауырлықтағы жарақат алған 44 адам медициналық көмекке жүгінген. Қарақан басын қорғаймын деп екінші -үшінші қабаттан құлап мертіккен тұрғындар да кездесті.

ЕРМЕК ЖЕЛДІБАЕВ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ЖЕДЕЛ ШҰҒЫЛ КӨМЕК КӨРСЕТУ АУРУХАНГАСЫНЫҢ ХИРУРГИЯ БОЙЫНША ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Балапан басына тұрымтай тұсына тап келетін табиғи апаттың тосыннан келетінін ескерсек ұйқы қашыратыны анық. Үйінен безіп үрейі ұшқан тұрғындармен де тілдесіп қайтқан едік.