Бүгінде қалалар мен шалғайдағы елдімекендерді газдандыру – олардың дамуына оң әсер етеді, өндіріс пен әлеуметтік саланы одан әрі жандандыруға жол ашады. Осы орайда «QazaqGaz» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорны "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Астана қаласындағы жылу энергоорталықтарын және "Оңтүстік-Шығыс" жаңа газ жылу станциясын табиғи газға қосты.

Көгілдір отын – тұрғындарға қажетті жылу тапшылығын жоюға, сондай-ақ қаланың экологиясын жақсартуға мүмкіндік береді. Астана қаласының әкімдігі мен аталмыш мекеме бірлесіп,биыл үлкен жұмыс атқарды. Соның бірі Будапешт көп қабатты тұрғын үй кешенін көгілдір отынмен жылытуды қамтамасыз ету мүмкіндігіне қол жеткізілді. Бұл қуанышты көптен күткен тұрғындар айтарлықтай атап өтті.

СӘРСЕНҒАЛИ АҚЖОЛОВ АСТАНА ҚАЛАСЫ НҰРА АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Ауданымызда қанша жылдан бері шешілмей келе жатқан проблема бұл табиғи газбен халықты қамтамасыз ету. Сол себепті дәл бүгін өздеріңіз көріп тұрғандай осы Будапешт тұрғын үй кешенінде 6 блок бар соның барлығын табиғи газбен қамтамасыз еттік. Сол іс шараның өздеріңіз куәсі болып тұрсыздар. Халық қандай қуанып жатыр. Бізде халықпен бірге қуанып жатырмыз».

Сондай-ақ, желтоқсан айының алғашқы онкүндігінде "Тұран" газ жылу станциясының 1-ші кезеңін іске қосу жоспарлануда. Аталмыш мекеме үшін тұрғындарды, әлеуметтік маңызы бар және коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы объектілерді табиғи газбен қамтамасыз ету басты мақсат болып отыр.

НАҒЫМ СӘЛІМ "ҚАЗТРАНСГАЗ АЙМАҚ" АҚ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ӨНДІРІС БОЙЫНША ОРЫНБАСАРЫ