Астаналық полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрестің жаңаша формасын ойлап тапты. Олар енді елордалық қыз-келіншектерді тегін спортқа баулымақ ниетте. Бүгін жергілікті полиция қызметі әлеуметтік спорт клубымен келісімшартқа отырды. Мақсат нәзік жандылардың өзін-өзі қорғай алуына жағдай жасау. Айта кетейік, Астанада жыл басынан бері тұрмыстық құқық бұзушылық туралы 717 әкімшілік іс қаралып, отбасылық жанжалға қатысты 946 қорғау ұйғарымы шығарылған.
АРМАН АЙТМАҒАМБЕТОВ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ЖП ЖПҚБ БАСШЫСЫ: «Біз бірлескен күш-жігер арқылы ғана қоғамда әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез-келген түрін қабылдамау мәдениетін орнықтыра отырып, бұл әлеуметтік құбылысты жоя аламыз. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар, сондай-ақ, аз қамтылған отбасынан шыққан балалар мен қиын жағдайға түскен жасөспірімдер кешенді қызметтерді тегін ала алады. Келушілерге психологиялық және заңгерлік көмек көрсетіліп, өзін-өзі қорғау әдістері мен жекпе-жек өнерін үйретеді».