Қазыналы ғұмыр, өлшемі шексіз мұра. Қазақ ғылымында есімі алтын әріппен жазылған ғалым рухына тағзым ретінде арнайы аудитория ашылды.
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде енді алаштанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Ғарифолла Қабдолқайырұлы Әнес атындағы аудитория бар. Шараның салтанатты тұсаукесер рәсіміне Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Ақұштап Бақтыгереева және ғалымның жұбайы, ф.ғ.д., профессор Бағдан Момынова келіп, лентасын қиды.
Мағыналы, мазмұнды шара барысында профессор Ғарифолла Әнестің қазақ әдебиеттануы мен алаштану ғылымына қосқан зор еңбегі, ғалымның өмір жолы мен шығармашылық мұрасы туралы кеңінен айтылды. Аудитория заманауи технологияларға сай әрі ғалымның ғылыми еңбектері мен өмір деректерін қамтып, жасақталған.
Ғалымның хаты, жақсының аты ешқашан өлмек емес. Шынында, Ғарифолла Есім қазақ ғылымына, руханияты мен мәдениетіне үлкен еңбек сіңірді, өлшеусіз мұра қалдырды. Сол іс, сол еңбек әлі талай буынға тағлым болары ақиқат.
