«Ауыр қылмыс жасады» деген күдікпен бірнеше ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды. Нақтырақ айтқанда жыл басынан бері еліміз бойынша полицейлер 130-дан астам бопасалаушылық қылмыспен айналысқан фактілерді ашты. Олардың арасында алаяқтық, ұрлық, тонау, қорқыту жолдарымен ақша тапқан студенттер де бар. Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев айтты.
ШЫҢҒЫС АЛЕКЕШЕВ ҚР ІІМ РЕСМИ ӨКІЛІ:« 8 ақпанда ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінген Қызылорда облысының алты тұрғыны Астана – Павлодар автожолында ұсталды. Мысалы, олар екі танысын күштеп көлікке отырғызып, пәтерге алып келіп, ұрып-соғып, қару-жарақпен қорқытып, екі күн бойы ұстап, 300 мың теңге мен ұялы телефондарын тартып алған. Сонымен қатар тағы бір миллион теңге талап еткен. Жәбірленушілердің бірі қашпақ болып, бесінші қабаттан секіріп кетіп, көптеген жарақат алды. Күдіктілер екінші жәбірленушіні көлікке отырғызып алып, ізін суытпақ болған кезде ұсталды. Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің бірнеше бабымен қылмыстық іс тергеліп жатыр».
Тәртіп сақшылары ел азаматтарынан қандай да бір қылмыстың жасалғанына куә болса, бірден полицияға хабарласуларын сұрайды. Өйткені, басты мақсат- ел тыныштығы мен азаматтар қауіпсіздігі.