Ауғанстанның солтүстігінде жеке рейспен келе жатқан Ресейдің шағын ұшағы апатқа ұшырады. Ол Таиландтан Ресейге ұшып бара жатқан. Ұшақ апаты Тәжікстан шекарасынан 40 шақырымдай жерде болған.
АУҒАНЫСТАН ҮКІМЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:«Ұшақ Бадахшан провинциясының шекарасында техникалық себептерге байланысты құлады. Одан кейін авиация және көлік министрлігінің нұсқауымен біздің құтқару тобымыз апат орнына жетті және Бадахшан провинциясының губернаторы да бұл миссияда бізге көп көмектесті».
Ресейлік БАҚ Бангкоктағы Ресей елшілігіне хабарлауынша, ұшақ Таиландтың Паттайя курортынан Мәскеуге жеке медициналық эвакуациялауды жүзеге асырған. Оларда волгодондық кәсіпкердің әйелі болған. Ұшақ жексенбі күні кешке радар экранынан жоғалып кеткен. Шамамен сол уақытта ауған полициясы ұшақ апаты туралы ақпарат алғанын айтты.
АУҒАНЫСТАН ҮКІМЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ: «Біз апат болған жерді кеше түнде таптық. Ұшақта алты адам болған. Олардың төртеуі тірі, екеуі өлді. Олардың мәйіттері Файзабадқа, одан кейін Кабулға жеткізілді. Көріп отырғаныңыздай, аман қалған төрт адамның жағдайы жақсы. Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп жатыр, қазір біз Кабулға кетіп бара жатырмыз».
Аман қалғандар арасында ұшқыш бар. Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, ұшақ радар экранынан жоғалып кетуден 25 минут бұрын ұшқыш жанар-жағармайы таусылып жатқанын ескертіп, ұшақты Тәжікстандағы әуежайға қондырмақ болған.