Биыл Ақтау көшелеріндегі көшеттердің саны тағы бес мыңнан асатын болады. Қаланы көгалдандырумен айналысатын мекеме осылай деп уәде берді. Қазір шаһардың әр аумағында жас шыбықтар егілетін орындар дайындалу үстінде.
Соңғы жылдары тал-теректері сиреп кеткен Ақтауды абаттандыру мәселесі екі жыл бұрын қатаң қадағалауға көшкен болатын. Өйткені миллиондаған қаражатқа сатып алған жас шыбықтар келер жылға жетпей қурап қалатын. Өткен жылдан бері көгалдандыру ісіне ботаникалық бақ зерттеу жасап, енді өсіп-өнген көшеттер отырғызылады. Былтыр қалаға 4500 жапырақты және 2600 қылқан жапырақты ағаш еккен. Ал орталық көшелерге 3600 раушан мен 150 мың бір жылдық гүлдер егілген.
НҰРБОЛ ӘДІЛОВ, АҚТАУ ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ Енді осы 2024 жылы жоба бойынша 130 мың дана гүлдер, 4 мың жарым дана жапырақты ағаштар, 2390 раушан гүлдер отырғызу жоспарлануда.
Қазір осы жасыл желекке оранатын аумақтарды тегістеп, топырағын дайындап жатыр. Ал егілетін көшеттер ботаникалық бақта өсіріліп тұр.
АЙБЕК ЕРБӨЛЕКОВ, МЕРДІГЕР МЕКЕМЕНІҢ БАСШЫСЫ Ботаникалық бақ өздері өсіріп соған сәйкес біз сол жақтан сатып алып,оны біз басқа қалалардан, басқа региондардан алып келіп жатқан жоқпыз. барлығы мына біздің климатқа қолайлы, біздің климатта өскен. Енді ауа райының қолайлы жағдайына байланысты отырғызу жұмыстары басталады.
Тал-теректерді егуден бөлек, оларды суару да өңір үшін үлкен мәселе. Себебі көктем басталысымен өзекті сауалға айналатын ауыз су тапшылығы тағы бар.
АЙБЕК ЕРБӨЛЕКОВ, МЕРДІГЕР МЕКЕМЕНІҢ БАСШЫСЫ Ауыз суының тапшылығына байланысты біздер ауыз суды көп пайдаланған жоқпыз. Мына жерасты суы 1 шағынауданда орналасқан жерасты суын пайдаландық. кеше біздер келісім-шарт жасақтап қала аумағындағы орталықтагдрылған су құбырларын қосу жұмыстарын бастадық.
Былтырдан бері қалада 120 шақырымдай тал суаратын құбыр жүргізілген. Бүгінде соның 100 шақырымы орталықтандырылған су құбырына жалғанған. Ал қалған 20 шақырым суару құбырын жуырда қосады. Сөйтіп қала билігі биыл да көгалдандыру жұмыстарының тиянақты атқарылатынына сөз берді.