Ақтау тұрғындары қыстың көзі қырауда жылусыз отыр. Ол аздай пәтер иелері кооперативінің жұмысы да көңіл көншітпейді. Айтуыларынша, қызмет көрсетуші компания өздеріне жүктелген міндеттері тиісінше атқармайды.
Ақпанның ақ түтек бораны мен сақылдаған сары аязында Ақтаудың 27 шағынаудандағы нөмірі 2-ші үйдің тұрғындары жаурап отыр. Үсіп қаламас үшін электр жылытқышын қосып күн кешуде. Аталған үйде жылу мәселесі осыдан бірнеше жыл бұрын басталған.
АЙСҰЛУ БИСЕНБАЕВА ТҰРҒЫН: «Енді осы соңғы бір жылдары ешқандай жылу жоқ үйде. Үйдегі батареяларды ұстап қараса тек қана жылы. Енді осы биыл тіпті сөндіріп тастайтын болып тұр. Сөндіріп тастайды, бір жақтарда порыв болып жатыр дейді. ЖЭК-ке хабарлассақ МАЭК-ке айтыңдар, ТВС-ке айтыңдар дейді. Лабиринт сияқты. Біріне-бірі сілтейді. Мен ЖЭК-ке айына 4 мың ақша төлеймін. Сонда мен не үшін төлеп отырмын?»
Кооператив басшысылығы жылудың жоқтығын құбыр желісінің тозғанымен байланыстырады. Ал, жауаптылар мәселенің жақында реттелетінің жеткізді.
ЖАЙЛЫБАЙ МАТАЕВ ПӘТЕР ИЕЛЕРІ КООПЕРАТИВІНІҢ БАСШЫСЫ: «6 домның артында бірнеше рет порыв болды. Қазір 2 задвижка қойылды. Ол осы үйдің проблемасын шешу үшін. Қазір КЖСА переключение жасаймыз дейді. 2 күн уақыт беруін сұрады. Себебі, 13 шағын ауданда кейбір үйлер жылусыз қалып, орталық жүйеге қосылған. Қазір жағдай тұрақты. Енді 27/2 жағдайы жақсаруы керек».
Бұл қондырғыны толық іске қосу үшін уақыт керек. Себебі, құрылғы орталық жүйе арқылы тексеруден өтуі қажет дейді жауаптылар.