Ақтау қалалық білім бөлімінің басшысы ұсталды. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі білім саласында сыбайлас жемқорлық схемасын әшкереледі.
Ол аз қамтылған отбасы балаларын азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушінің жұмысты аяқтағаны туралы актілерге қол қойып, ақшалай қаражат аударғаны және жалпы қамқорлығы үшін пара алды деген күдікке ілінді. Соттың рұқсатымен күдікті қамауда отыр. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.
АРМАН ТІЛЕУКЕНОВ ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: «Жүргізілген жедел-тергеу іс-шаралардың нәтижелері бойынша Ақтау қаласы бойынша Білім бөлімінің басшысы әшкереленді.Соттың санкциясымен күдікті қамауда. Ол ақша қаражатын аудару және жалпы қамқорлығы үшін пара алу фактісі бойынша тергелуде. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.