Ақтау қаласында бүргеден безген бұқара шағымын айтты. 8-ші шағын аудандағы үйлердің бірін паразит қаптап кеткен. Бүргеден балалардан бастап, ересектердің де мазасы қашқан. Ал коммуналдық мекеме осы апта ішінде ұсақ жәндіктерді улаймыз деседе, шыдамы таусылған көпшілік тездетулерін талап етті.
Ата-анасы жүзін көрсетпеуді өтінген мына жасөспірімнің аяғын, қансорғыш жәндік тас талқан етіп шағып тастаған. Бауыр еті баласы үшін шырылдаған ана, дәрігерлерге барып, ем-домын қабылдап бастапты. Алайда “денедегі жара көбеймесе, азаятын түрі жоқ”,- дейді. Бүтін бір үйге қызмет көрсетуші коммуналдық мекемегеде барып, бірнеше рет шағымданған. Алайда олардың асығатын түрі жоқ деп налиды Айымгүл Бекбаева.
АЙЫМГҮЛ БЕКБАЕВА – ТҰРҒЫН: «18 маусым күні арыз тастадым. Осыдан бір апта бұрын, өткен сәрсенбіде. Бірақ ешқандай шара қолданған жоқ. Баламның аяғын жаңа көрдіңіз, 7 мкр дәрі дайындайтынға барып, дәрі алдық. Енді ЖЭК істей алмайтын болса, басқа шара қолдансын! Жылда осы. Үш жылдан көп. Себебі менің қызым 15-те, ол кішкентай кезінкн, садикке барып жүргеннен солай келе жатыр».
Бұл меселемен тұрғындардың күресіп жүргеніне бірнеше жыл болған. “Үйдің подъезіне кіргеннен бастап үстімізге өрмелеп, пәтерге дейін кіріп барады”,- дейді олар. Тіпті төсек орындада да қаптап жүргенін айтады.
АЛЕКСАНДРЕЯ АБРАИЦЕВА – ТҰРҒЫН: Осыдан екі апта бұрын бүргелер пайда бола бастады. Мен өзім екінші қабатта тұрамын. Паразиттер үйдің де ішінде жүр. Киім-кешектерімізді күнде жуамыз. Сорақысы сол, төсек орындарында да қаптап кетті.
АЙШАТ АБДУРАХМАНОВА – ТҰРҒЫН «Немерем 2 жаста. Әбден бүргеге таланып болды. Дәрігерге қаралдық, олар жұқпалы ауруханаға жатуға жіберді. Осындай болмас үшін ауланы, жертөлені күн жылынған уақытта улап тастауға болмас па еді? Бір уақытта біз барып шағым айтқанымызды күтіп отыра бере ме»?
Ал үйдің тазалығына жауыпты серіктестік өкілі аталмыш мекен-жайдан төрт шағым түскенін, улау жұмыстары өзінің кезегі келген уақытта жасалатынын айтты. Себебі бұдан да басқа үйлер дәл осындай жағдайда екен, дизенфекциялау жұмыстары сол жақтарда жасалып жатқан көрінеді. Жауапты мекеме “сол себепті үлгере алмай жатырмыз”,- деп жауап берді.
САЛИМА МЕНГЕСЕЕВА - КОММУНАЛДЫҚ МЕКЕМЕ ӨКІЛІ: «Біз осыған дейін 8 үйде улау жұмыстарын жүргіздік. Қазір сол жұмыстар жоспар бойынша жасалып жатыр. Мына үйдің кезегі осы аптада келеді. Қазір дизенфекция жасайтын мекемелерді де дұрыс таңдауымыз керек. Себебі кейбірінің қолданатын уы әлсіз болғандықтан екі жұмыс жасауға тура келеді. Біздің басшылық тұрғындарға жайлы болу үшін бар күшін жұмсап жатқаны жасырын емес».
Паразиттерді құрту жұмыстары жасалатын күн де алыс емес. Осы аптада қолға алынады екен. Қырқына шыдаған тұрғындарға қырық біріне де шыдас беруден басқа амал жоқ сыңайлы. Алайда олар, кезек күттірмей улап кетулерін талап етіп отыр.