Ақтаудағы қала тұрғындары мен қонақтары серуендейтін теңіз жағалауында егеуқұйрықтар қаптап кетті. Дабыл қаққан кездейсоқ куәгерлер тышқан тектестің видеожазбасын әлеуметтік желіде жарыса жариялауда. Ал мамандар соңғы 10 жылда егеуқұйрыққа қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүргізілмегенін айтады. Толығырақ келесі бейнесюжетте.
Бұл бейнежазбалар әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп жатыр.Теңіздің ауасымен тыныстануға келетіндер емін-еркін отыруға үрейленіп қалдық дейді. Себебі кеміргіштер адамнан да сескенбейтін болған.
АЙНАГҮЛ ШЕКЕРБЕКҚЫЗЫ – ТҰРҒЫН: «Теңіз жағаға постоянно келемін,таңертең,кешке осылай балаларыммен қыдырып келген жағдайда бұл жерге отыру мүмкін емес. Үлкен крысалар жүреді».
СЕМБАЙ ЕСТЕКОВ – ТҰРҒЫН: «Мына теңізден көбінесе параходтар келеді. Сол параходпен келеді деп ойлаймын. Сосын мына жерге тұрғындар келеді, тамақтарын тастап кетеді. Сол тамақтарға келетін болар».
Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы ірі жәндіктерді жаппай улау жұмыстары соңғы 10 жылда жасалмағанын айтады. Әкімдік қаражат бөлсе, улайтын білікті мамандар бар деп жауабын қысқаша қайырды.
АСИМА ЖАРЫЛҒАСОВА АҚТАУ ҚАЛАЛЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Иә, қаланы улайтын уақыт келді. Бұрын залалсыздандыру жұмыстары жыл сайын жасалушы еді, соңғы 10 жылда аталмыш мәселеге ешкім бас қатырмаған секілді. Егеуқұйрық тез көбейеді және түрлі ауруды тасымалдайды. Қауіптің алдын алу үшін қайтпек керек? Алдымен қаражат бөліп, тезірек шұғыл шаралар қабылдауымыз қажет. Бұл бірінші кезекте тұрғындардың қауіпсіздігі үшін жасалатын шаруа».
Ауру тарамасына ешқандай кепілдік жоқ. Егеуқұйрықтар даланы қойып, үйге де кіріп алған. Әкімдік әлеуметтік желіде тараған видеожазбадан кейін залалсыздандыруға кіріспек. Мамандар қала тұрғындары мен қонақтарына тамақ қалдықтарын жағалауға емес, тиісті қоқыс тастау орындарына апарып төксе екен деген өтінішпен шектелді.
Ақтаудағы қала тұрғындары мен қонақтары серуендейтін теңіз жағалауында егеуқұйрықтар қаптап кетті
- Информация о материале
- Категория: Алатау ақпараты
- Просмотров: 329