Ақтауды үздіксіз ауызсумен қамту үшін тартылып кеткен су каналдарды тереңдету жұмыстары басталды. Егер, аталмыш шаруа жүзеге аспай қалса шаһар тұрғындары тіршілік нәріне биылдағыдай тағыда ауыз суға зар болуы әбден мүмкін. Қазір эксковаторлар канал түбін тереңдетіп жатыр. 

Теңіз суының тартылуы бүтін бір қалаға кесірін тигізіп тұр. Биыл ала жаздай судың кестемен берілуіне де басты себеп-Каспийдің кері кетуі. Сол тартылған күйінде қалды. Арнасы толмай тұр. Тіпті қала әкімдігі төтенше жағдай жариялады. Дүрбелең қайталанбауы үшін Маңғыстау атом энергетика комбанитына қарасты су каналдарын тереңдету жұмыстары қолға алынды. Бұл өз кезегінде қаланы тұрақты түрде ауызсу мен ғана емес электр қуатымен де қамтамасыз етуге әсер етеді. 

САМАТ ҚЫЛЫШБАЙ, АҚТАУ ҚАЛАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ «Қала әкімдігі мен мердігер мекеме арасында келісім-шарт жасақталып, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аяқталу мерзімі 2025 жылдың қаңтар айында». 

Каналдың жалпы ұзындығы шамамен 560, ал ені орта есеппен 20 метр. Мамандар канал тереңдігін кем дегенде 3 метрге дейін қазуы қажет. Мұның барлығы қытымыр қыста су мұз болып қатып қалмауы үшін жасалуда.

 АЛЕКСЕЙ ГАТИН, МЕРДІГЕР КОМПАНИЯНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ «Қазіргі уақытта жұмыстарды орындау үшін үш экскаватор жұмылдырылған. Олардың біреуі 18 метрлік ұзын жабдықпен жабдықталған. Сонымен қатар технологиялық жолды дайындау үшін стандартты жабдықтары бар техника қолданылуда».  

Құрылыс жұмыстарының аяқталу уақыты - 2025 жылдың қаңтар айы. Демек Ақтау қаласында ауыз су мәселесі келер жылдың көктемінде тұрақталады, дейді мамандар.