Ақтаудың «Өзенмұнайгаз» компаниясында құбыр жарылып, мұнай аралас су біраз аумаққа төгілген. Онымен қоса, №4 мұнай дайындау және өндірістік қызмет көрсету басқармасының құрамына кіретін теңіз су құбырына да кері әсерін тигізіп отыр.
Мекеме қызметкерлері «жайылған су құрамында экология мен адам денсаулығына қауіп төндірер элемент жоқ» деп сендірді. Дегенмен де істің мән-жайы қазір анықталуда. Экологтар сараптама жұмыстарын жүргізіп, сұйықтықтың қанша мөлшерде жайылғанын және топыраққа сіңген мөлшерін анықтау үстінде.
АРМАТ ЖҮСІПҚАЛИЕВ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ: «Ластанған жерлердің көлемі өлшеніп, хаттама толтырылды. Қазір жұмыс жалғасуда. Департамент тарапынан жоспардан тыс тексеріс тағайындалатын болады. Тексеріс қорытындысы жұмыстар аяқталған соң жарияланатын болады».