Ақтөбе қаласының мектептерінде терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша полиция қызметкерлерімен жақын шет елдердің бірінің 18 жастағы тұрғыны анықталды.Өңірдегі жағдай құқық қорғау органдарының бақылауында.
Алаңдауға негіз жоқ.Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желілерде Ақтөбе қаласындағы мектептерде қылмыс жасау қаупі туралы хабарлама таралғаннан кейін полиция оқу орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуді, оның ішінде бейнебақылау жүйесі арқылы және олардың маңына полиция жасақтарын көбейту арқылы күшейткен болатын. Сондай-ақ, білім беру ұйымдарында өткізу режимі бақылауға алынды.
ЕРБОЛАТ САРҚҰЛОВ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: «ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес қылмыстық істі тергеу шеңберіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды».