"
"Стэнфорд университетінде зерттеуге қатысып жатқан науқастардың бірі - Пэт Беннетте бүйірлік амиотрофиялық склероз қойылған. Яғни, сирек кездесетін дерттің бірі. Бұл уақыт өте келе мидың нашарлауына алып келеді.Амиракалық ғалымдар осындай науқастарға сөйлеу қабілетін қайтаруға болады деп үміттенеді. Олардың мақсаты - жүйеге сымсыз қосылатын шағын құрылғы жасауда.
Моторлы нейрондардың жұмысы тоқтатылуы мен мерзімінен бұрын өлуінің нәтижесінде науқастың жүйке жүйесі зақымдалады. Ал бұл өз кезегінде, нейрондардың ендігәрі пациенттің бұлшық еттеріне сигнал жібере алмайтынын білдіреді. Осылайша, бұлшық еттер қозғалмайды да атрофиялануды бастайды.Бүгінгі күні ми сигналдарын тілге аударатын компьютерлік бағдарламалық қамтамасыз ету өте жетілмеген. Зерттеушілер оны жасанды интеллект көмегімен жақсартуға тырысуда.Сигналдарды тілге декодтау үшін миға мидың сөйлеу сигналдарын қабылдайтын арнайы имплант орнатылды.
ДЖЕЙМИ ХЕНДЕРСОН, НЕЙРОХИРУРГИЯ ПРОФЕССОРЫ: «Жүйке мен ми белсенділігін және ағылшын тілінің жеке фонемаларымен байланыстыратын сигналдар бағдарламалық қамтамасыз ету алгоритмі арқылы өтеді. Екінші кезеңде деректер автоматты түрде тіл үлгісі арқылы түзетіледі. Содан соң экранда мәтін ретінде шығып, ең соңында стандартты бағдарлама арқылы мәтінді дауысқа түрлендіреді.»
Он сегіз жыл бұрын 47 жастағы Энн ми инсультінен зардап шекті. Міне, сөйлеу қабілетін жоғалқанына 17 жыл болды.Салдары қайтымсыз.Бірақ денсаулық жағдайы нашарламайды. Бұл уақыт өте келе Эннің ми сигналдарының әлсіремейтінін білдіреді. Айта кетсек, ол зерттеулерде қатысуда.Жаңа сөйлеу түрлендіргішінің қате деңгейі қазір шамамен 125 мың сөз үшін 24% құрайды. Егер сіз бұл санды 50 негізгі сөзге дейін азайтсаңыз, онда қателердің ықтималдығы 9% дейін төмендейді.