Қыстың қамын жазда ойла. Еліміздегі шаруагерлер мал азығы шөп шабу науқанын бастап кетті. Алматы облысы Іле ауданы Ақши елдімекенінің іскерлері жаздың әр күнін тиімді пайдалануға тырысуда. 

Биыл жауын-шашын молынан түсіп, шөп те жақсы көтерілді дейді ауылдағы ағайын. Мыңғыртып мал өргізген ірі қожалықтардан бөлек жеке шаруалар да жауапты кезеңге білек сыбана кірісіп кеткен. Игорь Шмит Ақши ауылының тұрғыны.Өз алдына қожалық ашып,кәсібінің нәсібін көріп отырған жайы бар.Лизингке жеңілдетілген несиемен су жаңа трактор алып,қыстың қамын жасап, қызу тірліктің басында жүр.

ИГОРЬ ШМИТ «ШМИТ» ШҚ ТӨРАҒАСЫ

Ақши ауылында 197 шаруа қожалығы бар.Олар егін, мал шаруашылығымен айналысады. Жергілікті әкімдіктің дерегінше «Ауыл аманаты» бағдарламасы көптеген шаруашылықтарға демеу болған.

ТӨЛЕГЕН ОМАРОВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ІЛЕ АУДАНЫ АҚШИ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ

Ақши ауылдық округінде 6500 адам тұрады. Олардың басым бөлігі еңбекке тартылған. Қолынан іс келетіндерге шағын және орта бизнес аясында  қайтарымсыз несие берілген.

ТӨЛЕГЕН ОМАРОВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ІЛЕ АУДАНЫ АҚШИ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ

Алдына 500 бас қой салған Ақшилік Алмуда Нәсірденұлы Қытай Халық Республикасынан атамекеніне 2010 жылдары көшіп келген. Қандасымыз ата кәсіпті қолға алып,жергілікті әкімдіктен 100-гегтар жер алған. Малдың күйін білетін азамат, биыл 90 пайыз төл алыпты.

АЛМУДА НӘСІРДЕНҰЛЫ ҚОЙШЫ

Алмуда Нәсірденұлы қойларының жем-шөбіне мемлекет тарапынан субсидия алып отырады.Келешекте мал басын көбейтіп,ет экспортына үлесін қоспақ ниетте.