Ақылы жолға төлем жасамағандарға айыппұл салынады. Батыс Қазақстан облысында ақылы жол бойында осы жаңашылдықты түсіндіру мақсатында арнайы рейд өтті.

Ақ түтек боран, қалың қарға қарамастан «Қазавтожол» компаниясы БҚО-дағы филиалы ақылы автожолдар бойынша шетелдік көліктердің берешегін өндіріп алу үшін жол полициясы және көліктік бақылау инспекциясымен бірге жолға шықты. Жолдағы жаңа өзгеріс былтыр 8 қазаннан бастап күшіне енген еді. Сол заңға сәйкес, «Орал-Самара» және «Орал-Саратов» бағытындағы жолымен жүргендер ақша төлеуге міндетті. Бүгінгі таңда елде жалпы ұзындығы 3 221 шақырым 17 ақылы жол учаскесі бар.

МАРАТ ЕСПЕРОВ «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК» АҚ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС АТҚАРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ

Айыппұл салынбас бұрын көлік жүргізушілеріне төлемді уақтылы жасау керегі ескертілді. Жүру ақысы 7 күн ішінде төленуі тиіс. Өйткені 8-ші күні айыппұл салынады,- дейді көліктік бақылау инспекциясының мамандары.    

АЗАМАТ ЕРМАХАНОВ БҚО БОЙЫНША КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ

Барлық жиналған қаражат ақылы жолдың жағдайын және көрсетілетін қызметті жақсартуға жұмсалмақ.