Әр отбасы жеке мемлекет. Ол мемлекеттің іргетасын қалаушы, басқарушы – отағасы, әке. Отбасының рухани, материалдық жағынан құлдырамай, мықты болуы әкеге байланысты. Алайда, әке болу бар да, әке бола білу бір бөлек әңгіме. Өкініштісі бала тәрбиесіне келгенде көп жағдайда отанасына ысыра салатын әкелер жетерлік. Осындай олқылықтарды болдырмау мақсатында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы жүзеге асып келеді.

Әке – ұлы күш пен сабырлықтың иесі іспеттес. Әке баласының физикалық және рухани тұрғыдан мықты болып өсуіне көп мән беру керек. Сондай-ақ ұқыптылық, адалдық, мейірімділік, өзгелерге жақсылық жасау секілді адами қасиеттерді ұзын- сонар әңгіме немесе ақыл айтып емес, әке өзінің іс-әрекетімен көрсетсе бала санасында мәңгі есте қалады.Қоғамда орын алып отыратын олқылықтардың орнын толтыру мақсатында  “Біртұтас тәрбие бағдарламасы” жүзеге асып келеді. Өздеріңіз көріп тұрған «Ұлттық ойын-ұлттың игілігі» тақырыбында өтіп отырған шара,соның куәсі деуге болады.

ӘЛИЯ ЕЛЕМАНОВА АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ №207 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

Отбасылық құндылықтарды сақтау, әкелердің бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту,кезек күттірмейтін мәселе. Әкелер арасында «Асық ату» турнирі өте тартысты өтті.Шараны көзімен көрген жастар да,қызығушылықтарын білдіріп жатты.

САЛТАНАТ ҚҰСАЙЫНОВА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ НАУРЫЗБАЙ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Тамаша ойын өрнектерін көрсеткен әкелерге алғыс айтылып,сый сияпаттар көрсетілді.