Су болса,ну болады.Алматы облысына қарасты Балқаш ауданы Көкжиде ауылына көпшіліктің көптен күткен су арнасы іске қосылды. 40-жылдан бері құрғап кеткен канал, қайта қазылды. Ұзындығы 24 шақырымды құрайды.

Аудан орталығынан шамамен 68 шақырым жерде, алақандай ғана ауыл бар. ОлАқкөл ауылдық округіне қарасты Көкжиде елдімекені.Кеңес үкіметі тұсында шаруашылыққа қолайлы өлке болғандықтан жұртшылық осы жерде тіршілік жасап күн көрген.90-жылдардағы тоқырауда тоза бастады.Ауылдың ажары кетіп,жастар қалаға қарай ағылды.Десекте,туған жердің тұрмысын жақсартуға қол ұшын беріп жатқан жандар жоқ емес бар.Олардың бастамасымен ауқымды шаралар атқарылып жатыр.Бүгінде Көкжиде көші ілгері ауылдардың қатарына кірді.Халықтың игілігі үшін барлық инфрақұрылым көздері қарастырылған.

САБЫРЖАН НОҒАЙБАЕВ АҚСАҚАЛДАР АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

40 жылға жуық жөндеу көрмеген жолдар жасалып,ауылдық ағайындардың еңсесі көтерілді.Жол бойында заманауи аялдамалар бой көтеруде. Жасыл-желек жаңартылып,жеміс ағаштары отырғызылған.Осының барлығына ауылдан шыққан нар тұлғалар арқау болып отыр.

БЕКЗАТ ОРЫНБАЕВ АҚКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

Бірлік бар жерде, тірлік бар. Көкжиделіктер қуанып отырған тағы бір мәселе бар. Өздеріңіз көріп тұрған су арнасы қолына кетпен алып, арық қазған әкелердің маңдай терімен жасалған еді.Бірақ, көптеген жылдар өткен соң ауылға су келуін тоқтатқан.Өйткені құм басып,каналдың көзі бітелген. Ауылдық ағайындар әкімдіктен қаржы сұрап,тіршілік нәрінің қайта келуіне сұраныс жасаған.Канал қайта қазылып,сапалы жұмыс жүрді.Көпшілік көптен күткен су келді.

НЕСІПҚАЛИ БАЙЖІГІТОВ АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Ауыл арасынан ағып жатқан су, құрғақшылыққа тап болған көптеген елдімекендерді аралап,Іле өзеніне барып құяды.Су болса,ну болады.Тіршілік нәрін,ауыл азаматтары алдағы уақыттары егін шаруашылығына да қолданамыз деп білек сыбанып отыр.