Маңғыстаудағы Басқұдық ауылының тұрғындары үш аптадан бері шығарылмай жатқан қоқысқа қатысты шағымдарын білдірді. Әр жерде үйіліп жатқан лас заттардан ауру тарайма деп алаңдауда. Ал ауыл әкімінің орынбасары Мақсат Алиғұлов бұл мәселені тұрғындардың өздері қолдан жасап отыр дейді.
Шағымданған жұрт ауылдың орталық көшесіне жиналды. Барлығының айтары бір - қоқыстың уақытылы алынбауы.Қоқысты лақтыратын жәшік жоқ,көпшілігі тұрмыс қалдықтарын сыртқа шығарып қояды.Тазалық мекемесі тек бір апта ғана тазалап алады,қоқыстың шығарылмай тұрғанына міне, үш апта болды дейді,ауыл тұрғындары.
ГҮЛЖАН АУБАКИРОВА, БАСҚҰДЫҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ Екі жақтың бәрі шіріп жатқан, іріп жатқан иіс деген мүмкін емес. Мына жазды күні өздеріңіз білесіздер ғой қандай болатынын. Мүмкін емес болып жатыр. Оны көріп жатқан әкім жоқ. Маңдайларындағы көз емес без бе? Неге қарамайды? Неге халықтың қамын ойламайды?»
БАҚТЫГҮЛ ҚАРАБАЕВА, БАСҚҰДЫҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ «Уақытында алмайды. 1,2 күтеміз, қоңырау шаламыз. Қоқысты неге алмай жатсыңыз десек, машина жетіспей жатыр дейді. Көшенің басын жинап кетеді күніне 1 рет. Көшеге кіруге машина жетіспейді дейді. Кешегісінде соққанда тендерден бір мекеме ұтты деді. Ол ұтып алған мекемесінің машинасы жоқ екен. Тек қағаз жүзінде ұтып алады. Жұмыс жасататын машина жоқ деп айтады. Уақытында алмайды шіріп жатыр. Оның арасында итте жүр, бала да жүр».
Ауыл әкімінің орынбасары Мақсат Алиғұловтың айтуынша тұрғындар келісім шартқа отырмай қоқысты көшеге тастайтын көрінеді. Кейбір келісімге келген тұрғындар қарапайым қызмет түрінің ақысын да төлемейді. Салдарынан осындай мәселе туындайды деген жауап айтты. Ал қоқысты шығаруға қатысты техника жеткілікті болғанымен жұмысшы саны жеткіліксіз деді.
МАҚСАТ АЛИҒҰЛОВ - БАСҚҰДЫҚ АУЫЛЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ «Қоқысты күнделікті алып жатыр. Мысалы мына жерде көріп отырғаныңыздай қоқысты адамдардың өздері лақтырады. Бізде келісім шарт бойынша аптасына бір рет алады. Ал көп тұрғындар келісім шартқа отырмау мақсатында және ақша төлемеу мақсатында үйіндегі қоқысты есік алдына шығармайды мына жерге әкеліп лақтырып кетеді. Мысалы машинамен келіп, заңсыз лақтырып кетеді. 00:40+03:04 Күні кеше алып кетті осы жердің қоқысын. Енді қайтадан тағы адамдар лақтырып жатыр».
Шенеунік заңсыз қоқыс тастайтындармен күресетінін айтты.Қоқысты заңсыз төккендері үшін әкімшілік 300-ге жуық айыппұл салған.Жәшік қойылмауының себебі тұрғындар қоқыстардан бұрын, құрылыс материалдарының қалдықтарын қалдырып кететіндері де бар. Сол себептен жәшік қойылмайды екен.