Бүгін Алматыда Мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі жазушы, әдебиеттанушы-ғалым, филология ғылымдарының докторы Әди Шәріповтің туған күніне орай «Жақсылыққа жаралған жүрек» атты мерекелік кеш өтті.

Жыл сайын дәстүрге айналған іс-шараға келген қонақтарды мектеп ұжымы мен оқушылары мектептегі Әди Шәріповтың мұражайын аралатып,ұлт үшін атқарған азаматтық істері мен ерен еңбектері туралы таныстырды. Білім ошағының шәкірттері мұражайда орын алған тұлғаға тиесілі әрбір жәдігердің тарихын білетіндері көпшілікті тәнті ентті.

САҒЫНАЙ АҚЖАН ӘДИ ШӘРІПОВ АТЫНДАҒЫ №16 ЖББМ 10-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ

Іс-шараға қатысуға келген Әди Шәріповтің жары Клара Жағыпарқызы осы мұражайдың ашылуына,білім ошағына тұлғаның есімін беру жолында көп еңбектенген. Жазушының жары шараны жыл сайын дәстүрге айналдырып, мерейлі мерекені жұмыла көтеріп, тұлғасын дәріптеп жатқан мектеп ұжымы мен халқына алғысын жеткізді.

КЛАРА ЖАҒЫПАРҚЫЗЫ ӘДИ ШӘРІПОВТЫҢ ЖАРЫ

Іс-шараға келген көпшілікке мектеп оқушылары тұлғаның өмірінен көріністер көрсетіп,ән -билерімен мерекенің сәнін келтірді. Мектеп қабырғасынан сонау 60 жылдары түлеп ұшқан түлектері де үрдістерінен жаңылмай білім ошағынан арнайы бөлме жабдықтап сыйға тартты.

ЧЕРНИК ВИОЛЕТТА 1960- ЖЫЛҒЫ ТҮЛЕК «Біз алғаш он бесінші мектепке қыздар мектебі болғандықтан оқуға қабылдандық.Ал бастауыш мектепті бітіргенімізде бәріміз осы ауданда тұратындықтан осы мектепке ауыстырды, сыныпта 24 адам болдық, 13 ұлт өкілінен тұратын. Ұлтына қарамай бәріміз мектепке қандай тату сынып болдық. Иә,бүгін Шәріповтың мерейтойы.Біздің тарапымыздан қосқан үлесіміз бұл.Ұстаздарымыз патриоттыққа тәрбиеледі және бұл дәстүр жалғасын табады дегім келеді».

Өскелең ұрпақтың бойына патриоттық сезімін сыйлап,еліне қызмет етер тұлға болып қалыптасуына шараның берері мол.