"
Қазақ әдебиеті әлемінің алыбы,балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың туғанына - 100 жыл. Ғасырға толған ұлы той жазушының туған өлкесі Нарынқол өңірінде тойлануда. Ұлы даланы дүбірге бөлеген мерейтойға арнамызда қатысып жатыр.
Ұлтымыздың руханияты мен мәдениетіне қалам тербеген заңғар жазушының шығармашылығымен сусындамаған қазақ жоқ. Тіпті, әдеби әлемі “ЮНЕСКО”, “ТҮРКІСОЙ” көлемінде аталып өтуде. Балалық шағындағы бастан өткерген өмірі шығармасына арқау болып,әр кейіпкері бала жанының сүйікті кейіпкерлеріне айналды. “Менің атым Қожа” шығармасы экрандалып,кино өнерінің де құнды қазынасын толықтырды. Шоқтығы биік шығармасынан үзінді қойылып, бүгінгі тойдың шымылдығын түрді.
Алты алашқа ортақ жазушының ғасыр тойы қазақ әдебиетінің,мәдениетінің өркендеуіне үлес қосып жүрген азаматтардың басын қосты. Бала Қожаның кейіпкерін сомдап,сол бейнемен көрерменінің көкейінде қалған Нұрлан Сегізбаев та жазушының рухына тағзым ете келген.
НҰРЛАН СЕГІЗБАЕВ АКТЕР
Рухани кеште жазушының 4 томдық шығармалар жинағының тұсауы кесілді. Асылдың артында қалған ұрпақтарымен де тілдесудің сәті түсті. Жан сарайында әкенің әлеміне деген сағыныштың сайрап жатқанын аңғардық.
САМАЛ СОҚПАҚБАЕВ Б.СОҚПАҚБАЕВТЫҢ ҚЫЗЫ
Мерейтой екі күнге жалғасады.Нар тұлғаның туған өлкесі Нарынқол өңірінде ескерткіші ашылады.Азулы ақындар айтыс өнерімен сусындатып, ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтеді.