"
"Биыл көмір орташа есеппен 15 пайызға қымбаттады. Алайда, көрші мемлекеттермен салыстырғанда бізде 2-3 есеге арзан. Сондықтан, министрлік көмір бағасын реттемейді. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Тұрар Жолмағамбетов айтты.
ТҰРАР ЖОЛМАҒАМБЕТОВ ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ ИНДУСТРИЯЛЫҚ ДАМУ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Шектеуге келетін болсақ. Өзіңізді кәсіпкердің орнына қойып көріңізші. Егерде мен кәсіпкер болатын болсам, көмірдің бағасын реттейтін болса немесе оның көмірдің экспортын тағы реттейтін болса, мен ешқашан ақшамды салмаймын ол бизнеске басқа мемлекет реттемейтін бизнеске саламын. Бұл жерде баланс болу керек. Сол себепті біз көмірді әлеуметтік бағаны реттемейміз. Біз келісім арқылы. Яғни көмір шығаратын өндірушілермен отырып, келісіп сол бағаны қарастырып, ойластырып жылма-жыл осындай бағаны белгілеп отырамыз».
Бүгінде республика бойынша 9,1 миллион тонна қажетті көмір қоры бар. Оның 2 миллионы аймақтарға жеткізілген. Қоймада сақтаулы. Күн суыта салысымен сатыла бастайды. Жауапты министрлік өкілдері биыл жылдағыдай ажиотаж болмайды деп сендіріп отыр.