Биыл теңге айналымға енгеніне 31 жыл толып отыр.1997 жылы 15 қараша – төл валютамыздың туған күні болып белгіленді. Ұлттық валютаны теңге деп атауды ұсынған - Халықаралық Инженерлер академиясының академигі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының, «Құрмет» орденінің иегері Сауық Тәкежанов еді. Ал ең алғашқы төл теңгемізде қазақтың ұлы ойшылдары, күйші-ақындары мен хандарының бейнесі бейнеленгені есімізде.
Олар әл-Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Шоқан, Абай, Әбілқайыр мен Абылай хандардың суреті болатын. Қазіргі уақытта Алматыда Ұлттық валюта күніне орай теңге банкноталары мен монеталар көрмесі өтіп жатыр. Келушілер жаңа шыққан ақша мен соңғы үлгідегі монеталарды осы жерден көре алады.