"

Алматы облысы,Шелек ауылында әлем кубогының иегері,Еуропаның екі дүркін чемпионы,Азия чемпионы,әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері  Қайыпжанов Елмұрат Мұқашұлының жүлдесіне арналған бокстан жасөспірімдер арасында ашық Республикалық турнир өтті. Осымен алтыншы мәрте жалауын желбіретіп отырған жарысқа арнамыздың тілшілері де қатысып қайтқан еді.

Еліміздің барлық өңірімен қоса көрші Өзбекстан,Қырғызстан мемлекеттерінен 90 ға жуық спортшылар қатысқан доданың мақсаты тәжірибе алмасу, нағыз мықтыларды анықтап үлкен жарыстарға жол ашу. Жылдан жылға ауқымы кеңейіп келе жатқан турнирдің жасөспірімдердің шыңдалуына да берері де арта түскен.

МЕДЕТ ӨМІШЕВ ТУРНИРДІҢ БАС ТӨРЕШІСІ

Әр жеңістің артында телегей теңіз тер,ерен еңбек  жатады. Салауатты өмір салтын ұстанып,жүректерінде жалын оты жанған осы ауылдың тума перзенттері еліміздің намысын қорғап Азия чемпионатына жолдама алған. Осы жолда аянбай еңбек етіп жүрген Елмұрат Қайыпжанов ағамыздың кеудесін жетістікке жеткен ізбасарлары үшін мақтаныш сезімі кернеді.

ЕЛМҰРАТ ҚАЙЫПЖАНОВ ЕУРОПАНЫҢ ЕКІ ДҮРКІН ЧЕМПИОНЫ,АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ

Көк байрағымызды көкке көтеріп,еліміздің мерейін әлем алдында асқақтатып тұруына үлес қосатын жастарымыздың көбеюіне бүгінгі шараның берері мол.