Боливиялық әскери және азаматтық қорғаныс қызметкерлері елдің солтүстігіндегі су тасқынынан зардап шеккендерге азық-түлік, су, дәрі-дәрмек жеткізу үшін каноэмен аймақтарға жөнелтілуде.
БОЛИВИЯ ТҰРҒЫНЫ: «Біздің ауданды су басқан. Өзен жағасында маниок өсірген едік. Қазір бәрінен айырылдық. Ештеңе қалмады».
Өткен аптада Анд аймағында, Амазонка мен Боливияның орталық аңғарларында толассыз жаңбыр жауды. Ұлттық метеорология және гидрология қызметінің мәліметі бойынша, ақпан айында жауын-шашын нормадан әлдеқайда көп болған.
БОЛИВИЯ ТҰРҒЫНЫ: «Мен үйім үшін алаңдаймын. Өйткені, ол су астында қалды. Әзірше анамның үйінде түнеп жатырмыз. Су мен жарықтың жоқтығынан бұл жерден шығу қиын».
Боливия 28 ақпанда Акре өзені арнасынан асып кеткен соң төтенше жағдай жариялады. Салдарынан 14 елді мекеннің 570 отбасы баспаналарын тастап, уақытша баспаналарда тұруға мәжбүр болды.
БОЛИВИЯ ТҰРҒЫНЫ: «Мен су тасқынына байланысты үйден кетуге мәжбүр болдым. Қазір бұнда тамақ әзірлеп, оны басқалармен бөлісемін. Құдайдың көмегімен біз үйге ораламыз деп үміттенемін».
Биылғы маусымда Эль-Ниньо табиғи құбылысы су тасқынын күшейтеді. Боливияда орын алған апат салдарынан қазірдің өзінде 40 адам қаза тапты. Ел бойынша 15 мыңнан астам отбасы зардап шекті.