Бразилиялық агроном Рубенс Брас алып әтештер мен тауықтарды өсіреді. Ол Бразилиядағы үй құстарының генетикасын жақсартқысы келеді.
Рубенс Брас алғашында бұл жұмысты жай ғана хобби ретінде жасап бастаған. Кейін оның қызығушылығы артып, жұмысын табысты бизнеске айналдырған. Соның бірі мына алып әтеш. Бұл тұқымды Рубенс 20 жыл бұрын өсірген екен.
РУБЕНС БРАС АГРОНОМ: «Біз құстарды табиғи түрде өсіреміз. Бұл әтештің өсуі 116 сантиметрге дейін жетеді».
Агроном жаңа тұқымды өсіру үшін торда ұсталмайтын әтештерді қарапайым тауықтармен төбелестіретін әтештермен будандастырады. Агрономның айтуынша мұндай құстар төзімді және сау болып келеді.
РУБЕНС БРАС АГРОНОМ: «Біз бұл құстардың генетикасын жақсарту үшін жұмыс істеп жатырмыз. Кейін оларды ауылдық өндіріс жүйесіне қайта қайтарамыз».
Рубенс Брас бразилиялық құстарды өсіруге және сатуға мамандандырылған компания ашты. Фермада екі түрі өсіріледі: алып Үнді әтеші Канелас Амарелас пен ірі қанатты Урубус. Ересек құстар 4000 доллар тұрады. Сіз сондай-ақ ұрықтандырылған жұмыртқаларды сатып алып, құстарды өзіңіз өсіре аласыз. 12 жұмыртқа 70 доллар тұрады. Кейбір тұтынушылар үй жануарлары ретінде алып әтештерді сатып алады. Бірақ олар негізінен ет алу үшін өсіріледі. Қазір Бразилияда бұл құстарды 20 мың селекционер өсіреді. Рубенс фермасында шамамен 300 құс бар. Сату жылдамдығы әзірге баяу. Себебі, Бразилияда құс тұмауының өршуіне байланысты тасымалдауға тыйым салынған. Жағдай қайта жақсарған кезде, агроном Сан-Паулу штатындағы азиялық мейрамханаларға алып әтештерді жеткізеді.