2024 жылдың 27 қарашасында Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің базасында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері кафедрасы ұйымдастырған іс-шара тақырыбы «Бірлігіміз – әралуандықта: тарих, мәдениет, инженерлік технологиялар».
Конференцияға инженерия, тарих, саясаттану, әлеуметтану, психология, филология, дене шынықтыру, инновациялық экономика саласындағы 180-ге жуық Қазақстан мен Ресейдің және Европаның жетекші ғалымдары қатысты.
Халықаралық ғылыми конференцияның салтанатты ашылуы Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің ректоры Сәрсенбекова Гүлнар Әлібекқызының алғы сөзімен басталды.
Конференция барысында ғалымдар білім-білігімен бөлісіп, тәжірибе алмасты. Әрі бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады.
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция 4 негізгі бағытқа бөлінді:
- Қауіпсіз Қазақстанда жайлы ортаны қалыптастыру мен дамытудың заманауи сын-қатерлері мен шындығы.
- Мәдениет, тіл және дін диалогі.
- Инженерлік-техникалық кадрларды даярлаудың өзекті мәселелері мен болашағы.
- Экологиялық мәдениет, адал еңбек, тиянақты білім.
Мазмұнды жиынға қатысушылар белсенділігі өте жоғары. Мән-маңызы терең іс-шараның берері мол.
ӘГП және ӘТ кафедрасының аға оқытушысы, PhD -доктор Б. Карбозова