БҚО-да жан түршігерлік жол апаты бір отбасыдан 6 адамның өмірін қиып кетті. Оқиға 17 қыркүйек күні Самара-Шымкент тас жолында, Теректі ауданының Бекей кенті маңында орын алды. Жол-көлік оқиғасынан ерлі-зайыптылар мен олардың 4 баласы қаза тауып отыр. Бүгін өткен брифингте БҚО ПД басшылығы осы оқиға бойынша анықталған мәліметтерді БАҚ өкілдеріне жеткізді. Ерлі-зайыптылар мектепте мұғалім болып қызмет атқарған. Автокөлік салонындағы балалардың екеуі оқушы, қалған екеуі 5 және 1 жарым жаста.

ЖАНБОЛАТ ЖАНШИН БҚО ПД БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

«Даф» жүк көлігінің жүргізушісі апаттың алдын алуға тырысқан», - дейді Жаншин. Жеңіл автокөлік иесіне дыбыстық сигналды басып, жолдың оң жақ бетіне өткен. Бұл белгіге қарамастан, Лада приора маркалы темір тұлпар ауыр жүк көлігінің тіркемесіне түйіскен. Айта кетсек, Даф көлігінің жүргізушісі алкогольдік ішімдік тұтынбаған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан машина аударылып, азаматтың денсаулығына зақым келген. Бүгінде ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.