"

Көктем келіп, күн жылынып, қыстан қалған қар суы халықты әбден әбігерге салуда. Салдарынан көшелер мен үйлер қар суының астында қалды. Бұл мәселеге қатысты жұмыстың басталғанына бір тәуліктен аса уақыт өтсе де, еш түзелер емес. Себебі, толассыз жауып жатқан жаңбыр суы жағдайды одан сайын ушықтыра түсуде. Енді, коммуналдықтар күшейтілген режимдегі жұмысқа ауысты.

Үй ішіне кіріп кеткен судың видеосын әлеуметтік желіге салған оралдықтар шырылдап көмек сұрауда. Жауаптылардың сөзінше, 249 мекенжай бойынша су басып жатыр деген 600-ге жуық арыз келіп түскен. Бергендердің көпшілігі Зачаган, Деркөл кенттерінен, жеке тұрғын үй секторларынан түскен. Қазір атқарылуы тиіс жұмыстар жасалуда.

МИРЖАН САТҚАНОВ, ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

Бүгінге дейін 30 367 текше метр қар суы сорылып, жыл басынан бері 679 мың текше метр қар қала аумағынан шығарылған. Сонымен қатар, 18 мың құм толтырылған қапшық, 108 қосымша техника жұмыс жасауда. Орал қаласы бюджеті есебінен 185 млн 738 мың теңге көлемінде қаражат бөлінген.

ЖАНДОС ДҮЙСЕНҒАЛИЕВ, ОРАЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

НҰРАЛЫ МУСИЕВ, БҚО ТЖД БАСҚАРМА БАСШЫСЫ

Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін 27 пункт әзірленген. Онымен қоса, 3 мәдениет үйі, 1 спорт кешені мен 6 қонақ үймен келісім шарт жасалған. Қазір ескі әуежай мен Зачаган кентінің Кірпіш зауыты ауданындағы 750 абонент уақытша жарықсыз қалды. Сондай ақ, жағдайға байланысты қаланың су жіберу қысымы бәсеңдеуі мүмкін.