Ұрлық түбі қорлық деген аталы сөзді елемей кәсіпке айналдырғандар бар. БҚО Теректі ауданы аумағында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ құрықталды. Үш адамнан құралған әккілер өткен айларда жайылымда жүрген Теректі ауданының тұрғындарына тиесілі ірі қара малдарын қолды қылған. Барымташылар 62 бас ірі қара малды олжалағаны анықталды. Оның 8-басы күдіктілердің қораларынан табылған. Сондай-ақ, ұрланған малдарды төмен бағада сатып алып жүрген сатушы анықталды.

АСЫЛАЙ ҒҰБАШЕВА БҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТКЕРІ

Азаматтар уақытша қамауға алынып тергеу амалдары жүргізілуде. Бүгінгі таңда ҚР ҚК-нің 188-1-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.