БҚО-да төтенше жағдай күрделі. Теректі ауданы Жаңа Өмір және Ұзынкөл ауылдарына да су басу қаупі төнді. Қазір елдімекендегі тұрғындар қауіпсіз жерге көшіріліп, эвакуацияланды.

Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданындағы Жаңа Өмір мен Ұзынкөл кентіне су басу қаупі төніп отыр. Еріген қар суынан «Ұзынкөл» су қоймасы толып, Барбастау өзені арнасынан тасуда. Осыған байланысты Теректі ауданы Подстепное ауылына және Орал қаласына халық алдын ала эвакуацияланды. ТЖД Ұзынкөл су қоймасы бұзылатын болса, Теректі ауданындағы Ұзынкөл, Юбилейное, Кемер, Жаңа Өмір және Барбастау ауылдарын талқандап кетема деп алаңдайды. Сондықтан,ауыл аймаққа жақын бөгеттерді су басып кетпеу үшін қауіптің алдын алу жұмыстары жүріп жатыр. Оған 51 техника, 131 арнайы мамандар жұмылдырылды.

РАШИД БЛЯЛОВ БҚО ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Айта кетейік өңірде 2 сәуірден бастап төтенше жағдай режимі жарияланды. "Қазгидромет" мекемесі аптаның аяғына дейін су деңгейі тағы көтерілуі мүмкін деп ескертеді.