"

Бүгін елімізде Кі­тап­ханашылар күні аталып өтуде. Кітап баға жетпес қазына десек, бұл құндылықты көзінің қарашығындай қорғап жүрген кітапханашы. Енді мерекемен бір­ге мамандықтың мәртебесі де қайта тү­легендей. 

Мерекенің басты мақсаты – кітапханашы мамандығының имиджін көтеру және оны кәсіби аренада ынталандыру болып табылады. Бұл тек кәсіби кітапханашылардың ғана емес, ең алдымен кітаптарды жақсы көретін, кітапханашының мәдени және қоғамдық өміріндегі орасан зор рөлін түсінетін адамдардың мерекесі.

ГҮЛМИРА МАХАМБЕТОВА ҚР ҰЛТТЫҚ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ ЖЕТЕКШІСІ

 «Қадірлі кітапханашылар, кітапханашы қауымы! Сіздерді бүгінгі 24 қазан – кітапханашы күнімен құттықтаймын. Бұл мерекеге былтыр 2022 жылы үкіметтің 833 қаулысы арқылы жетіп отырмыз. Осы төл мерекеміз барлығымызға құтты болсын».

ҚР Ұлттық кітапханасының тарихы бұдан 113 жыл бұрын белгілі. Кітапханада 14 оқырман залы бар. Білім үйінде «М.Әуезов әлемі», «Боямасыз, нағыз оқитын кез», «Балаларға базарлық» сынды бірнеше жобалар іске асырылуда. Сонымен қоса, әдеби орталықтар да ашылған. Ол жерде әдебиет сүйер қауым кездесіп, әдебиеттерді талқылайды, ақын-жазушылармен кездесу өткізеді.

ГҮЛМИРА МАХАМБЕТОВА ҚР ҰЛТТЫҚ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ ЖЕТЕКШІСІ:

 «Кітапханамызда қазір Ұлттық кітапханада 7 орталық жұмыс істейді. Әдебиет және өнер орталықтары. Ол Пәкістан, Түрік, Қытай, Корея орталықтары бар. Сондай бірнеше елдің орталықтарымен мәдени байланыстар орнатылған. Біздің консулдықтармен байланыс орнатылған».

Жалпы кітапхана қорында 7 млн астам білім құралы сақталған. ТМД елдері арасында атақты саналатын, бай кітапханаға келушілер саны да аз емес. Күніне 3000-3500 оқырман келсе, жылына 44 мың адам қонақ болады екен. Оқырмандардың 80 пайызы студенттерден құралған. Қажетті оқулықтарын тауып, білім нәрімен сусындай алады.

АҚТОТЫ ТОЛЫҚБАЕВА КІТАПХАНА ОҚЫРМАНЫ

 «Әсіресе, ұзақ уақыт бойы отыратын залым О.Жандосов атындағы оқу залы. Бұл жердің ерекшелігі Абай әдеби орталығы бар. Қателеспесем, осыдан 3 жыл бұрын әдеби орталық Абай атамыздың 175 жылдық мерей тойына арналып ашылған болатын. Содан бері осы орталыққа келіп, өзіммен өзім Абай атамыздың түрлі шығармаларын оқып, Абай атамыздың өмірі, шығармашылығы жайлы көптеген мәліметтермен танысып отырған ұнайды».

Кітапханалар – ғасырлар бойы келе жатқан биік парасаттылық пен білімділіктің киелі ордасы. Ол оқырман мен кітап арасындағы алтын көпір. Ал кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы – кітапханашылар. Олар білім, ғылым, өнер мен мәдениеттің дамуына өлшеусіз үлес қосып, өркениетті елге айналуымыздың негізін қалауда.