Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың 2024–2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген құжатты министр Ақмарал Әлназарова таныстырды.Министрдің мәліметінше, бүгінде елімізде 7 337 денсаулық сақтау нысаны медициналық қызмет көрсетеді. Оның ішінде 663-і стационарлық, ал 6 674-і алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін нысан.Соңғы 5 жылда 400-ден астам медициналық нысан салынып, 36%-дан астам нысанға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар жалпы сомасы 261 млрд теңгеге медициналық құрал-жабдықтар сатып алынған. Бұл ретте инфрақұрылымның тозу деңгейі жоғары 50% күйінде қалып отыр.
АҚМАРАЛ ӘЛНАЗАРОВА ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ: «Бірінші бағыт бойынша инфрақұрылымды жоспарлау процесі демографиялық және халықтың аурушаңдық көрсеткіштеріне ұзақ мерзімді болжамдарына негізделеді. Осы іс-шараларды тиімді іске асыру үшін қажетті нормативтік құқықтық актілер қабылданып, қолданыстағы ақпараттық жүйе базасында денсаулық сақтау инфрақұрылымының цифрлық картасы әзірленеді. Бұл өз кезегінде инфрақұрылымды оңтайлы жоспарлауды, мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Тұжырымдаманы іске асырудың бірінші кезеңі денсаулық сақтау объектілерін құрылысын кезең-кезеңімен жүргізуді көздейді. Бұл ретте, 11 440 төсек орынды құрайтын 34 негізгі жоба қарастырылған».
Жоспарға сай өңірлерде заманауи көпсалалы ауруханалар салынады. Олардың ішінде: 6 университеттік клиника, 14 аурухана, 11 перинаталдық және 3 ұлттық орталық бар. Бұдан басқа денсаулық сақтау объектілерін күрделі жөндеу және жабдықтау жұмысы жалғасады.Үкімет басшысы жиын барысында медицина саласын жаңғыртуға байланысты бірқатар тапсырмалар жүктеді.
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ