Денсаулыққа қасақана зиян келтіргендер енді қылмыстық жазаға тартылады. Бұл әйелдер құқы туралы жаңа заңда жазылған норма. Бүгін Сенат заң жобасын қабылдады. Сондай-ақ жоғары палата депутаттары бала қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құжатты да қоса мақұлдады.
МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: «Енді денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені, ұрып-соққаны және суицидті насихаттағаны үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленеді. Өз кезегінде сот қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның жүріс-тұрысына ерекше талаптар белгілей алатын болады. Бұған қоса, буллинг, кибербулинг, балаларды қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсіріп кету әрекеттері үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылады».