Әбден тозығы жеткен пойыз. Шұрық- тесік жол. Депутат елдегі туризм саласын сынады. Жол азабын әбден тартқан демалушы демалғанын ұмытып, шаршап барып, шаршап қайтады. Осындай қызмет көрсету сапасынан кейін елде демалуды кім қалайды? Ішкі туризмді кім таңдайды? – деген мәжілісмен жауаптыларға ойлану керектігін ескертті.  

ЕДІЛ ЖАҢБЫРШИН ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
«Инфрақұрылымның жетіспеушілігі, яғни жөндеу көрмеген сапасыз жолдар мен көлік қатынасының қиындығы шалғайда орналасқан туристік орындарға жетуді өте қиындатып отыр. Шұрқ-тесік жол қажытқан жолаушылардың демалыстан алған әсері су сепкендей басылып, енді қайтып онда келгісі келмей қалады. Басқасын былай қойғанда, әйгілі Алакөлге апаратын жолдың өзі әлі толық жөнделіп бітпей жатыр. Сонымен қатар жазда демалушылар легі көп болғандықтан, пойыздарға билет тапшы. Оған қоса, жолаушылар вагондарының да көбінің тозығы жеткен. Ал туристік санаттағы пойыздар атымен жоқ. Туристерді таситын автобустарды ұмытқанымыз қай заман?! Ал ұшақтар бағасы да аспандап, қарапайым демалушыларға қолжетімсіз болып тұр. Еліміздегі әуе тасымалында лоукостерлердің үлесі 21 пайыз-ақ екен. Мысалы, Грузияда лоукостерлер 56 пайызды құрайды. Сондықтан, авиация саласы осы мәселені де ойластырғаны жөн».

Ал, жақында Қазақстан Темір Жол компаниясы болса, Алакөлге жаңа пойыз бағыты ашылды деп сүйіншілеткен болатын. Алайда, халық сол пойызға билет таппай сабылуда.