Соңғы уақытта Дипломды аз уақытта жазып беремін, бар болғаны 300 мың теңге дейтін жарнамалар көбейіп кетті. Бірақ дипломды дайын жазып беретіндердің орнын енді жасанды интеллект басты. ChatGPT секілді нейрожелілер дипломдық жұмыстарды оп-оңай жазып бере алады. Бұл үрдіс білім сапасына қалай әсер етпек? Мамандар дабыл қағуда! Толығырақ Айгерім Есімханның сюжетінде.
АЙГЕРІМ ЕСІМХАН — ТІЛШІ
Университет бітірер шақта студенттің ең басты уайымы – дипломдық жұмыс. Бұл процеске бұрын студент айлап дайындалатын. Қазір, интернетте бірнеше сағатта, тіпті минуттарда жазып беремін дейтін жарнама өріп жүр. Соңғы уақытта жасанды интеллект арқылы диплом қорғауға ұмтылатындар көбейіп барады. Дипломдық жұмысты жасанды интеллектпен жазған түлек болашақта қандай маманға айналмақ? Бұл сұрақ бүгінде алаңдатып тұр. Тіпті, ЖОО-да антиплагиатты жасанды интеллект айналып өтеді дейді мамандар.
ШЫНАР КАЛИАЖДАРОВА ХАТУ ЖУРНАЛИСТАЛИСТИКА МАМАНДЫҒЫНЫҢ ОҚЫТУШЫСЫ, PHD «Толықтай chat gpt-тің мәтіндерін көшіріп алып жазатын болса, академиялық адалдықты бұзады деген сөз. Кейбір жоғары оқу орындары тыйым салып жатыр. Біз дипломдық жұмысын тексерген кезде бірден жасанды интеллектінің стилін білеміз. Сондықтан да бірден айтылады. Оны жөндеуге мүмкіндік береміз, жөнде деп сын айтамыз. Антиплагиат арқылы шектеу қоя алмай отырмыз. Оған арнайы бағдарламалар керек. Және бұған бір заңдық тұрғыда шектеулер қажет деп ойлаймын».
Дипломдық жұмыс әр жоғары оқу орнында әртүрлі форматта. Мәселен, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде дипломдық жұмыс екі бағытта — теориялық және практикалық бөлім бойынша бағаланады. Мұнда студенттер тек зерттеу жасап қоймай, оның нәтижесін нақты жоба ретінде ұсынуы тиіс.
АРУЖАН АБСАТАР ХАТУ ТҮЛЕГІ «Бүгін дипломдық жобамызды қорғадық. 100 балл алдық. Сондай күшті әсерде тұрмыз.Біз жарты жыл еңбек еттік оғанға дейін. Біздің университетте зерттеуге емес, ддипломдық жобаға көбірек мән береді. Бізде журналистер өзінің өнімін өткізу керек. Біз Астана қаласына барып арнайы барып түсірдік. Одан бөлек контент анализ жасадық».
Жасанды интеллект – заманауи құрал. Алайда оны шектен тыс қолдану білім беру сапасын әлсіретуі мүмкін. Білім – жаттау емес, түсініп игеру. Ал диплом – студенттің төрт жылда жинаған білімінің көрінісі. Сондықтан оны адал еңбектің нәтижесінде қорғау – әр студенттің парызы болмақ.
«Біз дамыған заман болғандықтан жасанды интеллектті өтірік айтпаймын қолдандық. Бірақта толығымен қолдануға болмайды. Себебі, ол жерде кейбір кезде жалған ақпараттар болуы да мүмкін».
«Дипломды жетекшіміз көмектесіп, әуелі Құдай жәрдемдесіп, себепші болып жазып шықтық. Енді "исходник" дейді орыс тілінде. Жалпы мәліметтерді дәл осылай тұрғылардан іздедік. Қазір жасанды интеллект қатты дамыған уақытта, жасанды интеллектке мүлдем сүйенбедім деп айта аламын. Маған жасанды интеллекттің қажеті болған жоқ».
«Дипломды ешқашан сатып алмаңыздар. Бірінші курстан бастап еңбек етіңіздер. Бірінші курстан бастап тәжірибе жинап, тәжірибелеріңіздің бәрін, жинаған тәжірибелеріңізді дипплом жазу барысында қолданыңыздар».
«Негізі антиплагиат қатты қиын деп айта алмаймын. Мысалғы біздің университеттің студенттері журналистика факультетінің студенттері барлығы антиплагиаттан жақсы өтті».
Жақында бұл мәселе бойынша Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек келесі жылы елде диплом жұмыстарын антиплагиат бойынша тексеру күшейтілетінін айтты. Сондай-ақ, барлық дипломдық жұмыстар бірыңғай базаға енгізіледі дейді.
САЯСАТ НҰРБЕК - ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ "Қазір әр диплом – цифрлық құжат, ол бірыңғай дерекқорда тіркеледі. 1991 жылдан бері берілген барлық дипломдар цифрландырылды – енді олар бірыңғай базада сақталады. Ал дипломдық жұмыстарға келсек, биыл антиплагиат бағытындағы жұмысты едәуір күшейттік.
Бүгінде Ғылыми-техникалық ақпарат орталығы құрылуда. Біз диплом жұмыстарының қалай жазылатынын жақсы білеміз – бұл нағыз конвейерге айналған, дайын база қолданылады да, тез арада компиляция жасалады. Бұған адамдар ақша төлейді. Енді плагиатқа деген көзқарас күшейтіледі. Қазірдің өзінде докторлық және магистрлік диссертациялар бойынша көптеген шағымдар түсіп жатыр. Қайтарылып жатқан жұмыстар бар.
Айгерім Есімхан, Асхат Мұсабеков, Алатау ақпараты