Фармакологиялық қадағалаудың тиімділігін арттыру мен препараттардың сапасын бақылауға, заңсыз айналым мен жалған өнімге қарсы іс-қимыл әрекеттерін тежеу мақсатында 1 шілдеден бастап барлық дәрілік заттарды таңбалау міндеттелінген болатын. Бұл жобаның пайдасы қандай? Алдағы сюжетте.
 
Дәрілік заттарды таңбалау және қадағалаудың басты мақсаты – контробанділік және контрофактілік өнімдермен күрес. Яғни, жалған өнімдермен күресу үшін қажет. Алматы қаласында 1587 дәріхана мен 187 қойма дәріханасы бар. Фармацевтикалық бақылау комитетінің басшысы бұл жоба халықтың денсаулығының басты орында екенін аңғартатынын, бірақ, жаңа жүйенің кейбір адамдарға кері әсер етіп жатқанында тілге тиек етті. 

ДАМИР АБАЙДІЛДАҰЛЫ ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ БАСШЫСЫ «Соған байланысты оны түсінбейтін, бұрынғы жүйемен жұмыс жасап жатқандарға қарсылық тудыратыны түсінікті.Себебі, бұрынғы жүйе біреуге пайдалы, ыңғайлы болды ғой. Солардың қарсы шығып жатқаны бар. Сол үшін олар теріс, бұрмалау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бірақ, баға – комплексттік жүйе.»

ТӨЛЕБИ ТАМПИШЕВ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТӘУЕЛСІЗ ДӘРІХАНАЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ЗАҢГЕРІ 

Қазір біз дәрі дәрмектің қымбаттауы мен кейбір позициялардың дефицитін байқаймыз. Бұл тұтынушылар мен өндірушілер үшін шығынды болып табылады. Кейбір дистрибьюторлар дәрі дәрмектерді сатып алудан бас тартуда. Бұл сөзсіз халық денсаулығына кері әсер етеді. 

ТӨЛЕБИ ТАМПИШЕВ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТӘУЕЛСІЗ ДӘРІХАНАЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ЗАҢГЕРІ

Сондай ақ, екі жыл ішінде тегін дәрілер тізімі бойынша сұранысқа ие емес 30-дан астам дәрілік позициялар алынып тасталған болатын. Сол арқылы, онкологиялық науқастарды емдеуге арналған бюджет 20 пайызға қысқартылды. Ол қайтадан бюджетті оңтайландыруға алып келеді. 

ДАМИР АБАЙДІЛДАҰЛЫ ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ БАСШЫСЫ «Біз енді тексерген кезде тұтынушыға көп дәрілер жетпейді. Үкімет қыруар қаражат беріп жатыр, қоймаларға дәріні толтырып жатыр, ауру адам дәріні алды ма, алмады ма білмейміз. Көп жағдайда жетпей жатады. Екіншіден, емханадағылар ауру санын алады да, соған қажет дәрі керек деп жылдың басында есептей салады. Бірақ, ол жердегі аурулар бар ма жоқ па, ауруынан айығып кетпеп па дегендер осы арқылы реттеледі. Бұл тұтынушыға жақсы пайда береді».

Сарапшылар дәрілік заттарды таңбалау сапа деңгейін жақсартады дегенімен, баға жайы күліңгір болып тұр. Бұл бюджетке оңтайлы болғанымен, науқас қалтасына ауыр салмақ болмақ.